Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Өте белсенді балаларға арналған дамытушы ойындар

Өте белсенді балаларға арналған дамытушы ойындар

Өте белсенді балаларға арналған дамытушы ойындар

Аналардың көпшілігі балаларының қызығушылықпен суретке қарап, түстерді жаттайтынын айтып отырады. Ал сіздің балаңызды алдымен қуып жету керек, содан соң отырғызып, тіпті байлап қоймаса, қашып кетеді. Мұндай «өте белсенді балаға» қалай бірдеңе үйретуге болады?

НЖжГС (синдром дефицита внимания и гиперактивности) диагнозын мамандар әдетте балаға 4-5 жастан соң қояды. Өзінің құрдастарынан жылдамырақ дамыған барлық бала бірдей өте белсенді балаға жатпайды.

Жағдайды не қиындатады?

Мұндай балалар энергия атқылайды. Олар бір орында отырғысы келмейді, әрқашан қозғалыста болады. Екінші жағынан, олар – қызба. Алдымен жасайды, содан соң ойланады. Болып жатқан жағдайға жылдам әсер береді.

Егер мұндай диагнозы бар бала болса, зейін қою қиындықтары да болады. Сіз қандай түспен бояу керектігін түсіндіргенше, ол өздігінше бәрін сызып, келесі бетке көшіп, далаға ойнауға шығып кетеді.

Егер баланы күшпен жуасытуды ойласаңыз, оның соңы жақсылыққа әкелмейді. Керісінше, сіз оған икемделуіңіз керек болады.

Күнделікті өмірде қолдану керек бірнеше ереже бар:

- Күн тәртібі. Балаңызды тәрбиелейтін ересектердің «болады» мен «болмайды» нақты ережесі мен кестесі болу керек.
- Таза ауада күнделікті серуендеу. Мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін оттегі, ал қозғалыс пен ойынға үлкен жазықтық керек.
- Физикалық белсенділіктегі қажеттілігін қанағаттандыру. Оларға ұзақ қозғалмай отыру шынымен де қиынға соғады. Сондықтан физикалық және ақыл-ой жүктемесін кезектестіріңіз.
- Тәрбиелеу кезінде күш қолданбайтын табандылық пен тұрақтылық қажет.
- Басталған іс міндетті түрде аяқталуы керек. Сондықтан, күші жететін шағын тапсырма немесе бір тапсырманы бірнешеге бөліп беріңіз.
- Маңызды нәрсе айтар алдында көз байланысын орнатыңыз. Егер бала өз ойнымен алаңдап отырса, тапсырма немесе өтініш қарапайым әрі нақты болуы керек. Мысалы, «бөлмеңді жина» деудің орнына «едендегі ойыншықтарды қорапқа салып қойшы» деңіз.  
- Оның әр тырысуын, әр жетістігін байқап, орынды мақтай біліңіз. Себебі оған айқайлайтын себеп әрқашан табылады. Ал сіздің қатынасыңыз тек ұрыстан тұрғаны жақсылыққа әкелмейді.
- Егер бірдеңе үшін марапаттағыңыз келсе, оны бірден жасаңыз. Себебі бала жақсы әрекет пен марапаттың арасындағы байланысты түсіну керек. Бірақ шоколад, тәттінің орнына жинауға болатын жапсырма, монета және т.б заттар беріңіз.
- Балаға оның қызығушылығын, дарынын табуға көмектесіп, мықты жағын жақсы нәрсеге пайдалануға және оны одан әрі дамытуға көмектесіңіз.

Қауіпсіздік

Үйде қауіпсіз кеңістік жасаңыз. Қазір розеткаға арнайы бітеуіштер, шкафтар мен терезеге құлыптар, шектеуіштер сатылады. Барлығын ұсақ-түйегіне дейін ойластырып қойыңыз. Тіпті, кітап сөрелері мен комодтарды қабырғаға бекітіп қойған жөн.

Әр нәрсенің өз уақыты бар

Оқып-үйренуге арналған уақытты дұрыс таңдау маңызды. Физикалық жүктемеден соң одан да қатты шапшаң бола түсетін балалар бар. Басқа балалар 10 минуттық жүгіруден соң сабырлы бола түседі. Осы уақытты оқуға немесе дамытушы ойындарға арнауға болады.

Ойнап жүріп оқыту

Егер бала бір орында отырып, оқи алмаса, қозғалыста да көп пайдалы нәрсе үйренуге болатынын ұмытпаңыз. Санауды жасырынбақ ойнау, сандары бар текшелерден секіру, бір-біріне доп лақтыру, таңғы жаттығу жасау арқылы үйренуге болады. Түрлі түсті доптарды сәйкес қораптарға салу арқылы түстермен танысуға болады. Тақпақ жаттау үшін сөздерге мағынасы жақын қозғалыс жасаумен толықтыруға болады. Әдеби шығармашылыққа икемі жоқ ата-аналарға арналған дайын кітаптар бар. Оның ішінде әр жолға арналған дайын қозғалыстар суреттеп көрсетіледі.

Мектепке дейінгі балаларға арналған ата-анасымен бірге ойнайтын 5 ойын ұсынамыз. Мұндай ойынға басқа да отбасы мүшелерін шақырыңыз.

1. Сүт, айран, су. Бұл – зейінді дамытатын қарапайым ойын. «Сүт» сөзін естігенде жүресінен отыру керек. «Айран» сөзін естігенде ішін сипау қажет. Ал «су» сөзін естігенде қолын көтеріп секіру керек. Алдымен баяу айтып, өзіңіз де командаға сай қозғалыңыз. Одан соң жылдамдатыңыз. Оның өзі оған жеңіл бола бастаса, сөзді айтқанда өзіңіз басқаша қозғалып шатастырыңыз. Қателік үшін күлкілі жаза қолдануға, ал дұрыс орындау үшін аздаған мадақтама айтуға болады.  

2. Оңға-солға. Еденге сызық сызыңыз немесе бау тастаңыз. Бала соның қасында тұру керек. Оған оңды және солды көрсетіңіз. «Оң» командасы берілгенде ол оңға секіру керек, ал «сол» командасы берілгенде солға секіру керек. Бұл ойында да уақыт өте оны шатастырып, жылдамдатуға болады.

3. Жеуге жарамды-жарамсыз. Жеуге жарамды және жарамсыз нәрселерді айтып отырып, доп лақтырыңыз. Жарамды болса, допты қағып алу керек. Жарамсыз болса, допты кейін лақтырып жіберу керек. Жемістер, жануарлар, транспорттарды тізіп айтуға болады.

4. Суретте не өзгерді? Ақ парақ пен қарындаштар алыңыз. Қарапайым заттың суретін салыңыз. Мысалы: дөңгелек. Балаға көзін жұмуын өтініп, дөңгелектің ішіне күлкінің суретін салыңыз. Көзін ашқан кезде не өзгергенін сұраңыз. Суретті баланың жасы мен қабілетіне байланысты күрделі етесіз.

5. Корректор. Бұл ойын әліпбиді енді үйрене бастағандарға арналады. Бала өзін газетте немесе құпия агент болып жұмыс істеймін деп ойласын. Ол құпия белгілерді табу керек. Одан шағын мәтіннен барлық «а» әрпін тауып, оларды сызуын сұраңыз. Сол секілді басқа әріптерді де тапсыруға болады.

Бұл ойындардың ішінен балаға бірден ұнағанын ғана қалдырыңыз. Ұнамаса, қинап ойнатпаңыз. Егер онымен ойнауға уақытыңыз болмай жатса, мысалы, асүйде тамақ пісіріп жүрсеңіз, оған суы бар пластмасса ыдыс пен бір реттік стақандар беріңіз. Сосын суды стақандарға құйып ойнасын. Егер одан да жалықса, стақандарға бұршақтар салып, қолына қасық беріп, балықтарды аулауын сұраңыз. Сол секілді ойындар ойлап табыңыз.

Сіздің басты мақсатыңыз – баланы әлсіздігімен күресуге үйретіп, оның мықты жақтарын табу, оны дамыту, оны сол күйінде қабылдау және басқалармен салыстырмау. Сіздің жүгірмегіңізге оның жақсы, ақылды және дарынды екенін сізден басқа кім айтады? Сонымен қатар, өзіңізді де ұмытпаңыз. Мүмкіндік болған жағдайда демалыңыз. Ата-әжелердің, туысқандардың, достардың көмегінен бас тартпаңыз. Себебі барлығы сіздің сабырлылығыңыз бен жеке саулығыңызға байланысты.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 13 маусым, 13:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.