Сенбілік

Сенбілік

Күнделікті тұрмыста сірке суының тигізер пайдасы зор екен. Бүгінгі сенбілікте соны қолданайық! 

  • Сірке суы мен тұз қосылған ерітінді терезе әйнегі мен шыныдағы дақтарды, сондай-ақ эмальді қазандарды жақсы тазартады. Қол мен ыдыстағы жағымсыз иістерді де керемет кетіреді. 
  • Сірке суының ерітіндісі (екі стақан суға бір стақан сірке суы) қабырғаларды ақтағанда жан-жаққа шашырап кететін әкті тез тазалайды.
  • Осы ерітінді жеміс шырыны пен балық майынан қалған дақтарды жақсы кетіреді. Сондай-ақ сырт киімнің жағаларын ерітіндімен сүртсеңіз, кірі кетеді екен. 
  • Жүннен тоқылған киімдер жуғаннан кейін келбеті нашарлай бастайды. Алайда, келесі жуғанда суға аз мөлшерде сірке суын қосып шайсаңыз, киімнің өңі ашыла түседі екен. 
  • Трикотаждан тігілген киімдердің түсі оңып кеткен болса, жуар алдында кішкене сірке суы араласқан салқын суға (10 литр суға 1 ас қасық сірке суы) салып қоя тұру керек.
  • Жібек пен күдері бұйымдарының ерекше жұмсақтығы үшін, оны сірке суы ерітіндісінде (1 литр суға 3 ас қасық сірке суы) шайған жөн.
  • Беті тым жалтырап кеткен киімдердің (мысалы шалбар) үстін сірке суы ерітіндісіне батырылған щеткамен тазалап алу керек.

Қосымша кеңестер:

  • Шойын қазанды пиязбен, сосын майлы шүберекпен сүртіп тез тазарта аласыз.
  • Еденге тамған қиын дақтарды (мысалы сия) қырып жатудың қажеті жоқ. Линолеум не ағаш еденде тазалағаннан із қалып қалуы әбден мүмкін. Даққа зағыр майын жағып, жұмсақ шүберекпен ысқыласаңыз жеткілікті. 

Сурет: ekonadom.ru