Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Әйелдер ұнататын сыйлықтар

Әйелдер ұнататын сыйлықтар

Әйелдер ұнататын сыйлықтар

Cыйлық сыйлаудың белгілі бір күні немесе бір ережесі, қатып қалған қағидасы болмайды. Оны қуанту үшін кез келген күн қолайлы.  Ал, әйелдер қауымы сыйлық алғанды жақсы көреді. Олардың көпшілігі сыйлық алған жағдайда өзіне деген ықыласы мен шын көңіл бөлуі деп түсінеді. Сондықтан мағыналы, белгілі бір жақсы ниетті жеткізе алатындай сыйлық алғаныңыз дұрыс. Ендеше тұрмыстағы қыз-келіншектерге ұнайтын сыйлықтар қатарын біле жүріңіздер.

Адамның ойлау қабілеті мен түсінігі жасы келе өзгеретіні секілді жасөспірім қыз бен бойжеткеннің, тұрмыстағы арудың арасында үлкен айырмашылықтар болады. Сондықтан тұрмыстағы әпкеңізге немесе құрбыңызға, туысыңызға, жеңгеңізге сыйлық таңдарда көп жайттарды ескергеніңіз жөн. Себебі тұрмыстағы әйелдердің көпшілігі пайдалы, өзі қолданатын немесе өз кәдесіне жарататын заттарды, бұйымдарды ұнатады.

Ас үй құралдары.  Сүйген қызыңызға бұл сыйлық түрпідей тиюі мүмкін. Себебі "әйел адамның орны – ас үй" деп түсіндіріп тұр деген ойға әкелуі мүмкін. Ал тұрмыстағы әйел үшін бұл таптырмас сыйлық. Себебі олар ас үй ханшайымына айналып, өз "бөлмесінде" қажеттінің барлығы болғанын қалайды. Жай өзіне жеткілікті ыдысы бар болса да әйелдер сыйлыққа әдемі ыдыс-аяқ алғанды жақсы көреді екен.

Төсек жабдықтары. Әйелдердің көпшілігі тұрмыстық заттарды ұнататынын білсеңіз, оның ішіндегі төсек жабдықтары мен қол сүртетін шаршықтар жиынтығының олар үшін орны ерекше екендігін де ескеріңіз. Тіпті шаршықтар мен төсек жабдықтарын түрліше жыл мезгілі сайын ауыстырып отыратын әйелдер қатары да бар.

Үй гүлдері. Сүйіктісінен раушан гүлін алып жүрген қыз енді тұрмыста сол гүлді үйінде өз қолымен өсіргісі келеді. 2-3 күндік өмірі бар гүлге қарағанда құтыдағы гүл – тұрмыстағы қыз-келіншектер үшін бағалы сыйлықтардың бірі. Сонымен қатар өз тарапыңыздан әдемі естелік те қалдырып кетесіз.

Қол өнер бұйымдары. Қазіргі таңда қолдан жасалған бұйымдар – өте бағалы заттардың бірі.  Мәселен, өз қолыңыздан жасалған әдемі иіс сабын, әшекей бұйымдар, тұрмысқа қажетті дүниелер немесе қолдан тоқылған жылы, әдемі кеудешені тұрмысқа шыққан құрбыңызға сыйлық ретінде ұсынсаңыз, ол үшін ерекше, қайталанбас, әлемдегі жалғыз дана сыйлықтай болмақ. Ал өз қолыңыздан жасай алмасаңыз немесе уақытыңыз болмаса тапсырыс арқылы жасатуыңызға болады.

Арнау өлең. Әйел заты сезімтал және олар үшін айтылған жылы сөздің өзі керемет әсер қалдырады. Айтулы мереке күндерінде өлең шығаратын ақындық қасиетіңіз болса, онда сіз ерекше сыйлықтың иесі бола аласыз. Себебі өзіне ғана арналған дүниеге әйел заты ерекше құрметпен қарайды. Ал ондай қасиетіңіз болмаса, танымал ақынның керемет жыр шумағын жаттап айтып беруіңізге болады.

Бояну құралдары. Шет елде әйелдер қауымының 80%-ы сыйлыққа бояну құралдарын алғанды жақсы көреді екен. Ал біздің елде мұндай көрсеткішті көрсетпесе де, осы сыйлық түрін алғанды әйел заты жек көре қоймасы анық. Алайда бояну құралдарын сыйламас бұрын әуелі адамның түр-түсіне, бет құрылымына, жасына баса назар аударған жөн. Әтір сыйлағанда да жас пен мінезге ерекше көңіл бөлгеніңіз абзал.

Керамикалық заттар. Әйел заты әдемілікке құштар келеді. Сыйлық таңдау сізге қиынға соқса, әдемі керамикалық бұйымдарды таңдауыңызға болады. Мұндай сыйлық кім-кімді де болса шаттандырмай қоймайды.

Кітаптар. Тұрмыстағы әйелдер үшін тәрбиелік мәні бар, афоризмге толы және психологиялық кітаптар ұнайды. Ал егер қуаныш иесі поэзияға жақын болса, онда ұнататын авторының жаңа жинағын сыйлауыңызға болады. Алайда кітапты жай ғана бере салмай, ішіне қысқа-нұсқа тілек жолдарын жазғаныңыз дұрыс.

Қол сөмкесі. Қол сөмкені сыйламас бұрын сыйлық иесіне ұнамайтын және ұнайтын сөмкелер қатарын біліп алыңыз. Сөмке формасы, оның сыртқы түрі, материалы әйелдер үшін өте маңызды және бұл тұста әйелдер талғамы екіге жарылады. Сонымен қатар, тұрмыстағы қыз-келіншектер өзіне жарасымды, денеге қонымды киімдерді де (көйлек, жейде, орамал) сыйлыққа алғанды жақсы көреді. 

Әйел заты ұната бермейтін дүниелер де болады. Мәселен, сәтсіз сыйлықтар қатарына үй жануарларын жатқызуға болады. Себебі әйелдердің жартысына жуығы бұл сыйлық түрін құптамайды екен. Сондықтан мұндай сыйлықты алдын ала ескертусіз сыйламаған жөн. Мұндай жағдайда үй жануарының жауапкершілігіне дайын болу, үй жануарларына деген аллергия т.б. жайттардың бәрін әуелі анықтап біліп алған дұрыс.

Жұмсақ ойыншықтар. Әйел заты жүрек құшақтаған қонжықты көргенде өзін іштей төмен санап қалуы мүмкін. Мұндай сыйлықты мектеп жасындағы қыз бала мен жасөспірім қыздардың ұнататыны белгілі.

Спорттық құралдар. Бұл тұста сыйлық иесінің спортпен шұғылданатыны маңызды. Егер де ол спортқа аса көңіл бөлмейтін немесе толықтау жан болса, бұл ойыңызды әйел заты қате түсініп қалуы мүмкін.

P.S. Қандай сыйлық болмасын, әйел заты әрқашан шын қуана алатын сәбилік мінезімен тартымды болмақ.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: prime.md
Қосылған күні: 15 наурыз 2018, 13:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->