Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Баланы қалай дұрыс мақтау керек?

Баланы қалай дұрыс мақтау керек?

Баланы қалай дұрыс мақтау керек?

Бала өзінің әрбір жақсы әрекетіне мақтау күтеді. Бұл заңды. Біз реті келсе, мақтаймыз, реті келмесе, мән бермей жатамыз. Мақтаған дұрыс. Бірақ оның да өз реті мен тәртібі бар екен.

Психологтар баланы мақтаудың өз ережесін анықтапты. Қысқаша ол былай баяндалады:

- нақты бір істі ғана мақтау керек, бірақ сонымен қатар  жетістіктерін назарсыз қалдыруға болмайды

- мақтау шартсыз болуы тиіс, яғни, мақтап келе жатып, «бірақ» деп өзіңіздің шартыңызды айтушы болмаңыз

- мақтаған кезде (ұрысқан кезде) баланың жеке  іс-әрекетіне қатысты ғана сөз қозғау керек.

Ересек болсын, бала болсын, кез келген адам өзінің жақсы ір-әрекетінің мойындалғанын қалайды. Мектепте оқығанда, студент кезімізде біздің еңбегіміз жоғары ұпайлармен немесе бағалармен белгіленіп отырды.  Содан кейін біз жұмысқа шығамыз, ол жерде жалақы төленеді, жетістіктер үшін, қосымша сыйақы тағайындалып, демалыс те берілуі мүмкін. Бірақ соған қарамастан, біздің оқытушыдан, бастықтан, достарымыз бен жақындарымыздан мақтау-мадақтау естуге деген сұранысымыз артпаса, төмендемейді. Мақтау сөздер адамға күш-қуат беріп, жаңа істерге жетелеуге көмектеседі. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаса керек.

Мектеп жасына дейінгі балаға баға қоймайды, жалақы төлемейді. Сондықтан ол үшін ата-анасының мақтауы – оның жақсы әрекетінің негізгі «бағасы». Баласына жақсылық тілейтін әрбір ата-ага баласын қолдап-қолпаштап отыру керек. Баласының өзіне сенімді, өмірді жақсы көріп өсуіне жағдай жасау керек. Бірақ әрбір ата-ана баланы қалай мақтау керектігін біле бермейді. «Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмау» үшін не істеу керек?

1. Баланы нақты ісі үшін ғана мақтаңыз. Мақтаған кезде, бала нені жақсы істегенін және не үшін ол жақсы іс болып саналатынын түсінетіндей болу керек.  Мысалы, егер оның жақсы суреті үшін мақтасаңыз, «мына күннің суретін қанда әдемі салғансың! Мына торғайың тура шығыпты» деп нақты не үшін мақтап отырғаныңызды білдірген жөн. «Жарайсың! Нағыз суретшісің» деген жалпылама сөздерден қашыңыз.  

2. Мақтаумен бірге балаға жылы жүз танытып, күлген, құшақтаған, сүйген дұрыс. Сәбиіңіз сіздің одан «құтылуы» үшін мақтап тұрмағаныңызды, оның іс-әрекетіне шынайы қуанып тұрғаныңызды сезіну керек. Психологтар баланы күніне кем дегенде төрт рет құшақтап, сүю керектігін айтады.

3. Баланы басқалармен салыстырмаңыз! Баланы даттаған кезде де, мақтаған кезде де «ананың баласын қарашы» деген салыстырулардан мүлдем аулақ болу керек. Оны біреуден артық көрсетіп мақтау арқылы, сіз оның бойында менмендікті тәрбиелеуіңіз мүмкін.

4. Ұсақ-түектің бәріне бола мақтаудың қажеті жоқ.  Онда мақтауыңыздың құны түсіп кетеді. Кез келген нәрсеге мақтай берсеңіз, кейін бала әр қимылы мен әр сөзіне мақтау күтетін болады.  Олай істей беру мүмкін емес. Сондықтан мақтамай қалсаңыз, тағы ренжіп, түсінбей қалуы мүмкін.

5. Мақтаған кезде баланың сол іске салған еңбегі мен жұмсаған күшіне назар аударуға тырысыңыз. Оның табиғи дарынан гөрі (күші, икемділігі), біраз күш жұмсаған жетістіктеріне мән беріп, соларды ерекше атап өтуге тырысыңыз. Егер тырысып, беріспей жүрсе де, оны бір мақтап қоюға болады.

6. Балаға «сенен үлкен суретші, биші, әнші, спортсмен шығады» деп уәде берудің қажеті жоқ. Болашақта осы сөздеріңіз іске аспай қалма, оның қаншалықты қаймығатынын ойлаңыз. Сондықтан әр сөзге мән беру маңызды. Бірақ бұл дегеніміз: «Сенің қабілетің аз, жетістікке жете алмайсың» деп айту керек деген сөз емес.

7. Егер балаң қандай бір жетістігіне мақтаған болсаңыз, біраз уақыт өткеннен кейін, ол жетістігінің соншалықты үлкен болмағанын, ол одан да үлкенірек жетістіктерге жете алатынын есіне салудың қажеті жоқ.

Дереккөз: anabol.kz

Қосылған күні: 09 наурыз, 14:52
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.