Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы – ғалымдар

Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы – ғалымдар
Фото: www.sozcu.com.tr

Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды. Бұл туралы Journal of the American Geriatrics Society журналында жарияланған.

Зерттеуге 65-99 жас шамасындағы 6000 әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін 1 апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады.

Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдер қозғалысы аз әйелдерге қарағанда өмірден өту қаупі 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық қозғалыс аз өмір сүру ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.

Физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде: үй жинау, ыдыс жуу, таза ауада серуендеу жатады.

«Ұзақ уақыт бойы осындай әрекетте болу салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді»,– деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.

 Дереккөз: baq.kz

Н. Үсенова