Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала иммунитеті төмендесе...

Бала иммунитеті төмендесе...

Бала иммунитеті төмендесе...

Қыстан көктемге өтер уақыт көпшілігіміз үшін аздап қиындық туғызады. Себебі әлсіздік, тұмаудың көбеюі, иммунитеттің төмендеуі секілді дерттер мазалайтыны анық. Ал баланың иммунды жүйесінің жұмыс деңгейін анықтап, оған иммунды көтеретін дәрумендердің қаншалықты қажет екенін анықтау да аса қиын емес. Сол себепті өз иммунитетіңізді өзіңіз де болжай аласыз.

Иммунитеттің төмендеуін білдіретін белгілер:

— Бала жиі ауырады. Жылына 6 рет, одан да көп суықтайды;

— Суық тию өзгелерге қарағанда ауыр түрде өтеді. Соңы баспа мен құлақ қабынуы сияқты қиын жайларға ұласады;

— Емдеу шарасы әдеттегіден де ұзаққа созылады, оның аурудан айығуы қиынға түседі.

Осындай белгілер баланың бойынан байқалса, дәрігерге жүгінген жөн.  Ең алдымен, иммунитеттің дұрыс қалыптасуына жағдай жасалған-жасалмағандығы анықталады. Ол үшін негізгі тексеруден өтуі тиіс. Мәселен қан талдауы, несеп талдауы, биохимиялық қан талдауы және ішекқұрт пен дисбактериозға үлкен дәрет талдауы алынады. Сонымен қатар, ЛОР дәрігерге тексертіп, кей жағдайларда  құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ құрылғысымен тексереді. Иммундық жүйенің деңгейін бағалау күрделі жұмыс. Оны тек арнайы маман ғана айқындайды. Дегенмен, дұрыс тамақтану, ағзаны шынықтыру, дәрумендер кешені міндетті түрде қатар тағайындалады.

Аурумен күресу

Балалар мен ересектердің иммунитетін нығайтуда ағзаны шынықтыру ең тиімді әдіс болып саналады. Оны балалардың 3-4 жасынан бастап-ақ ойын түрінде жүргізуге болады. Ешқашан бала ағзасын оның еркінен тыс, күшпен шынықтыруға болмайды. Ағзаны шынықтыруды таңғы жаттығулардан бастайды. Алайда бұл үшін бала ұйқысы қанық, сергек болуы маңызды. Баланың қарқынды жаттығуы үшін ата-анасы да онымен бірге дене қимылдарын жасағаны жөн.10-15 минуттық жеңіл дене жаттығуынан соң, сумен шынығуға ауысуға болады. 3-4 минут сумен кеудені, қол мен мойынды сулайды. Бастапқы кезде су шаралары үшін бөлме температурасындағы (22-25 градус) суды қолданған дұрыс. Бірте-бірте оны салқындатып, 18-16 градусқа түсіреді. Сумен сылаған соң денені құрғақ сүлгімен сүртіп, содан соң бірнеше уақыт денені ысқылап қыздырады. Сонымен қатар сумен шынықтыру кезінде баланың тоңып қалмауын және соңынан жылы киінуін қадағалау керек.

Иммунитетті көтеруге арналған дәрмектер

1. Интерферондар тобы. Интерферон – ағзада вирусты инфекциялардың дамуын тежейтін биологиялық белсенді зат. Оның әсері әсіресе өткір респираторлы вирусты инфекцилар кезінде аса қажет. Интерферон тобының дәрмектерін сырқаттың алғашқы сатысынан бастап тез арада қабылдаса, нәтижесі қуантарлық болады.

2. Иммунитетті нығайтуға арналған бактерия тектес дәрмектер. Олардың құрамында ағзаға зиянсыз, бірақ иммунитетті ынталандырғыш стафилококк, гемофиль таяқшалары, пневмококк, стрептококк сияқты инфекцияларды қоздырғыш бактериялар бар. Бактерия тектес дәрмектер жергіліті ғана емес, жалпы ағза иммунитетін ынталандыруға қабілетті. Өткір респираторлы ауруларда, тамақ, мұрын, құлақтың созылмалы ауруларында фарингит, тонзиллит, синусит, т.б. иммунитетке қосымша күш береді.

3. Өсімдіктерден дайындалған иммунды ынталандырғыш сығындылар. Қызылкүрең эхинация сығындысы –иммунал және адамтамыр, қытай серменесі, т.б. дайындалған дәрмектер. Олардың барлығы иммунды ынталандырғыш, генді бейімдегіш қасиеті бар өсімдіктер.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: しらべぇ
Қосылған күні: 13 ақпан, 16:18
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.