Бала тәрбиесі: дұрыс сөйлесу

Бала тәрбиесі: дұрыс сөйлесу
Фото: Жазира Жомартова

Баламен сөйлескенде ойланбастан көп қателік жібереміз. Оған ұрсып, балағаттап, тіпті оның көзінше жаман сөздерді айтқанда алдағы уақыт туралы, оның психологиясына әсер ететінін ойланбаймыз. Тілі шықпаған, есін білмейтін баланың өзі адамдардың дауыс көтеріп бір-бірімен ұрысқанын, жаман сөздер, өсек-өтірік айтқанын бейсаналы түрде қабылдайды да, ол баланың жадында мәңгілік сақталады. Сол себепті әр қадамды аңдап басқан абзал. Біз балаға бір сөз айтқанда ол өзінше қабылдайды.

Ата-ана айтады: «Жұрттың баласының қолынан бәрі келеді, біздікі түк бітірмейді».
Бала түсінеді: «Барлығы керемет, сен ғана ең нашар баласың».
Дұрысы: «Қандай болсаң да біз сені жақсы көреміз!»

Ата-ана айтады: «Байқа, құлайсың!», «Итті ұстама, тістеп алады!»
Бала түсінеді: «Әлем, қоршаған орта қауіпке толы, ештеңеге тиісуге болмайды».
Дұрысы: «Өзіңе сақ бол!», «Абайлап жүр!».

Ата-ана айтады: «Бол!», «Тездет!», «Аузыңды жап!», «Тоқта!», «Жауап бер деймін!»
Бала түсінеді: «Сенің пікірің мені қызықтырмайды», «Мен үшін таңдауыңнан бас тартуың керек!»
Дұрысы: «Он минутымыз ғана қалды», «Ойының қанша уақытта бітеді?»

Ата-ана айтады: «Неше рет айтуға болады?», «Сөз ұқпайтын қандай баласың?»
Бала түсінеді: «Ақымақсың!», «Ешқашан жолың болмайды!»
Дұрысы: «Тағы бір рет байқап көр, қолыңнан келеді», «Қане мен көмектесейін бе?»

Ата-ана айтады: «Ұялмайсың ба?»
Бала түсінеді: «Сен жамансың, ауру шығарсың».
Дұрысы: «Бәрі де қателеседі», «Қателіктен сабақ алсаң болғаны!»

Ата-ана айтады: «Жылама!», «Шулама!», «Күлме!», «Ыңылдама!»
Бала түсінеді: «Ешқандай эмоцияңды сыртқа шығарма!»
Дұрысы: «Шаршадың ба?», «Бірнәрседен қорықтың ба?»

Ата-ана айтады: «Ұлдар ештеңеден қорықпауы (не жыламауы) керек», «Қыздар айтқанды тыңдауы тиіс».
Бала түсінеді: «Ерлерде сезім болмауы қажет», «Әйел заты мәңгілік құрбандық!»
Дұрысы: «Мұндай жағдай барлығында болады», «Бәрі де өткінші!».

@. @assel_assanova