Бала неге жиі ауырады?

Бала неге жиі ауырады?
Фото: PRNoticias

Туғаннан бастап әрбір бала анасының табиғи иммунитетімен қорғалады. Ол баланы алғашқы айларда қорғап, одан кейін әлсіз бола бастайды. Бала ағзасына өзінің меншікті қорғанысын қалыптастыру қажет болады. Сондықтан да бала кей кездері ауырса оның ешқандай да зияны жоқ – керісінше ол инфекцияларға деген қарсы күшті дамыту үшін қажет.

Жиі ауыратын балалар:

-1 жасқа дейін, алғашқы жылы 4 және одан да көп ауырған балалар;
-1 жастан 3 жасқа дейін, жылына 6 және одан да көп ауырған балалар;
-4 жастан 5 жасқа дейін, жылына 5 және одан да көп ауырған балалар;
-5 жастан асқан балалар – жылына 4 рет ауырғандар.
-Осы топқа тұмаумен ауырған мерзімі 10 күннен асатын балалар кіреді.

Бала неге жиі ауырады?

-Алғашқы тұмау толығымен емделген жоқ. Иммунитет әлсіз, сол себепті сырқат қайталануы мүмкін;
-Жасанды тамақтандыру. Ана сүтін емген балалар «жасанды» тамақтанған балаларға қарағанда сирек ауырады, себебі ана сүтінің құрамында инфекциядан қорғайтын антиденелер бар;
-Ағзадағы созылмалы инфекциялардың ошағы (кариес, гайморит, тонзиллит) немесе ішекқұрттарының болуы;
-Күн тәртібін ұстамау, тиімсіз тамақтану, аз қозғалу.

Тұмауды қалай жеңуге болады

Алдын алу: жылдың жалқын мерзімінде сәбидің мұрнын оксалин мазімен майлап шығу керек. Ол инфекцияның сілекей қабығына кіруіне жол бермейді. Тұмаудан кейін бірнеше күн бойында адамдар көп жиналған жерлерге (дүкен, қоғамдық көлік және т.б.) барудан аулақ болу. Оның орнына таза ауада көп серуендеу, толыққанды тамақтану, күн тәртібін сақтау.

Дәрумендер көмектесе ме?

Дәрумендердің жеткіліксіздігі күз және көктем айларында тұмау ауруымен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін.  Дәрумендерді тек қана баланың қандай дәруменге мұқтаж екендігін анықтағаннан кейін ғана дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет. Себебі дәрумендерді дұрыс қабылдамау бала денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Халық емі дәрігер тағайындаған емді алмастыра алмайды, ол тек қана алдын алады. Пияздың шырынын, балды, лимонды, таңқурайды пайдаланған тиімді. Есіңізде болсын!Қандай да жағдай болмасын емді дәрігер тағайындау қажет.

 Дереккөз: отбасы.kz

Н. Үсенова