Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Неке жүзігі немесе жұбайлық өмірде бақытты болудың бес белгісі

Неке жүзігі немесе жұбайлық өмірде бақытты болудың бес белгісі

Неке жүзігі немесе жұбайлық өмірде бақытты болудың бес белгісі

«Үйлену оңай – үй болу қиын» деседі. Шаңырақ құрып, шаттыққа бөленіп, бақытты өмір сүру шынында да қиын ба? Сонымен, Барбара Керр дейтін ғалым бастаған Канзас университетінің психологтары көп жыл бойы бақытты деген отбасыларды бақылай келе төмендегідей тұжырымға тоқтаған.
Олардың зерттеуі бойынша, некеде бақытты болудың бес шарты мынадай:

1. Кешке бәрі дастарханға жиналады
Қазақ айтпақшы, отбасы мүшелері кешке қарай төрт көздері түгел жиналып, дөңгелек немесе сопақ үстел айналасына асқа отырады. Аңғарған оқырман осы арада «үстел неге сопақ, неге дөңгелек, төрт бұрышты болса несі бар?» деп ойлайтын шығар. Меніңше, бұл үш мың жылдық тарихы бар Қытайдың фэн-шуй іліміне қатысты болса керек. Ол аз десеңіз, қазақтарда да шаңырақ та, жер үстел де дөңгелек болған ғой. Бұл да бекер емес. Әрине, бұл бөлек тақырып.

Әдетте, бақытты отбасының әрбіреуі ешкім айтпай-ақ, кешке қарай үйге асығатын көрінеді. Олар тамақ іше отырып, күні бойы көрген-білгендерін айтады, әңгімелеседі. Қандай да бір ортақ мәселелер болса, дастархан басында айтылады. Келесі күннің жоспары құрылады. Отбасы мүшелерінің біреуінің басына қиындық туса, бәрі бірге қолдау білдіріп, жұбатып, тығырықтан алып шығудың жолдарын қарастырады.
Байқасаңыз, бұл  Юнгтің тұжырымына да сәйкес келеді. Жанұя дегеніміз – кішігірім терапиялық топ. Күн сайын кешкілік дастархан басында тоғысу арқылы, ең жақын адамдардың қолдауы мен қамқорлығын сезіну неміс психоаналитигі Берт Хеллингердің тұжырымдамасына сәйкес келеді.

2. Бәрі еңбек етеді

Бақытты отбасылардың барлық мүшелері жұмыс істейді. Мұндай үйде төбеге шырт түкіріп, өзгелердің жүйкесін жұқартатын жатыпішер жоқ. Әрқайсысының айналысатын тірлігі, қызығатын ісі бар. Ерлі-зайыптылардың екеуі де үйге табыс әкеледі. Бұл жерде әйелі мен күйеуінің экономикалық дәрежесі мен табыс деңгейі маңызды емес. Яғни, әлеуметтік баспалдақта бәсекелесіп жатқан  адам жоқ. Яки, бақытты сезіну деңгейі әлеуметтік деңгейге тәуелді емес. Ең бастысы, отбасы мүшелері бірін бірі құрметтейді, бағалайды, сыйлайды. Жоғарыда айтып өткендей, кешке дастархан басына жиналғанда айтылатын ортақ әңгіме табылады.

3. Оңаша қалуға мүмкіндік бар
Отбасында бақытты адамдар өмірде осындай жақындарының бар екеніне тәубе айтса да, оңаша отырып ой шомғанға, демалғанға не жетсін?! Демек, әрбір адамның өзінің жеке кеңістігі болуы керек. Бақытты отбасылар бір-бірінің, тіпті отбасының ең кішкентай мүшесінің де жеке кеңістігін сыйлайды. Әрине, әлеуметтік мәселе әртүрлі мұқтаждықтарды тудырады. Сондықтан, әсіресе, барлық кезде қаладағы тар пәтерлерде тұратын отбасы мүшелерінің бас-басына жеке бөлме қайдан болсын. Алайда, үйде тыныштық сақтауға болатын бір бөлме болуы керек. Әсіресе, жұмыстан қалжырап келген отағасы оңаша ойланып,  кітап оқып, газет ақтарып жататын орын ауадай қажет. Бала-шағаңды қанша жерден жақсы көріп тұрсаң да, кейде олардың у-шуы мен еркелігін көтере алмайтын кездер болады. Ал психологтар мұны «апан» деп те атайды. Апанды ер адамдар көбірек қажет етеді.

Мына қызықты қараңыз: кеңес өкіметінің тұсында пәтерлер құрқылтайдың ұясынан да тар етіп салынғанын білеміз. Ол да бір астары терең қитұрқы саясат қой. Ерсілеу болса да, жалғандығы жоқ, кеңестік заманның еркектері оңашаланатын орын – әжетхана болған ғой. Кей азаматтар сол інінде отырып, үздіксіз айналып жатқан кіржуғыш машинаның әйнегіне қарап отырғанды жақсы көретіндіктерін мойындайды.
Сол сияқты, әлімсақтан ер адамдар ойсыз отқа қарап отырғанды жақсы көрген. Осылайша, ойсыз бір нүктеге қадалу кәдімгідей   демалдырады. Айтқандай, теледидар мұндай медитация көзі бола алмайды екен. Демек, медитация нысаны адам миындағы логикалық сол жақ жартышарды уақытша өшіріп, тыным беретін мағынасыз болуы керек.

4. Қатаң тәртіп жоқ
Некеде бақытты болудың төртінші құпиясы мынадай: ең бастысы – отбасында еркіндік болуы шарт. Ал азаттық ауасы бақытсыз үйден еспейді. Мұндай үйлерде қатып қалған қатаң тәртіп жоқ. Жанұядағы қарым-қатынас күрделі болған сайын ол отбасы мүшелерін алыстатып, шекара сызығын қалыңдата бермек. «Өйтпе, бүйтпе» деп бірін бірі қажай берген жандар қалай бақытты болмақ? Отырса – опақ, тұрса – сопақ көретін адамдар бірін бірі сүйетініне де сену қиын.

Жақсы көретін адамдар ғана бір-бірінің кемшіліктерін аса байқай бермейді. Шындығына келгенде, жек көретін адамыңның жәй ілініп тұрған түймесінің өзі де жынға тиеді.
Қысқасы, бақытты некеде қасаң қағида, болмайтынды болдыр дейтін қатаң талап жоқ. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қарым-қатынастары жеңіл. Қандай мәселе туындаса да, бір-біріне айтудан қаймықпайды, қашқалақтамайды. Ең бастысы, бақытты үйдің адамдары кешке өз шаңырағына қарай асығып тұрады.

5. Неке жүзігін тастамайды
Міне, біз осы мақаланы жазуға түрткі болған тұсқа да жеттік. Сәтті некеде бақытты жандар қуанышта да, қайғыда да мәңгілік бірге болуға анттасқан сәтте саусақтарына салған жүзіктерін өле-өлгенше тастамай тағып жүреді. Альберт университетінің тағы бір зерттеушісі Эндрю Харрел екі мыңнан астам жұпты зерттей келе, осындай қорытындыға келген. Оның пайымдауынша, неке жүзігін тағып жүретін ата-аналар бала тәрбиесімен да табысты айналысады. Және мұндай ерлі-зайыптылардың балалары ақыл-ойының дамуы жағынан болсын, сабақ үлгерімі жағынан болсын, өз тетелестеріне қарағанда әлдеқайда озық тұрады екен. Осындай отбасында өскен балалар ауру-сырқауға сирек ұшырайды. Жамандықтарға да аз душар болады.

Мәселе мынада көрінеді. Неке жүзігін таққысы келмейтін адамдар психологиялық тұрғыдан келгенде әлі де өзінің отбасылы екендігін толық мойындағысы келмейтіндер. Мұндай адамдар жауапкершілік жүктеуден қашып тұрғанын өздері түйсінбесе де, сәби мұны іштей бәрібір сезіп қояды. Оған қоса, неке жүзігінің мәнін бала түсінеді, өз әке-шешесі бір-бірінікі екендігін ұғынып өседі.
Ақиқатында, өмір бойы іздеген жартымды табуда жаңылыспадым дейтін, бірін-бірі шын сүйіп қосылған адамдар үшінші біреуді қайтсін?!

akjunis.kz

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Асхат Мырзагелдиев
Қосылған күні: 05 қараша 2017, 19:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.