Анаңыз сізге айтпады

Анаңыз сізге айтпады
Фото: fit4brain.com

Аналардың барлығы сезімдерін ашып айта бермейді. Өйткені, ол үшін баласының көңіл-күйі мен оның сезімдері маңыздырақ.  Бірақ, ойланып көріңізші, шынымен анаңыз сізден нені жасырды?

1. Сіз оны жылаттыңыз...
Ол жүрегінің астында тағы бір адам баласының жүрегі соғып жатқанын білген сәтте жылады. Сізге өмір сыйлағанда жылады. Сізді алғаш қолына алған кезде де жылады. Бақыттан көзіне жас алды. Ауырсаңыз, қорқыныштан көз жасы төгілді. Ол сіздің бар ауруыңыздың, бар сезімдеріңізді сезді. Сіз ше?

2. Ол бәліштің соңғы бөлігін жегісі келді...
Бірақ, сол бәлішке сіздің қалай қарағыныңызды байқады да, оны жеуден бас тартты. Себебі, сіз тойсаңыз, ол өзін әлдеқайда бақытты сезінетінін ұқты.

3. Ол қорқады...
Сіз өмірге келген сәттен бастап, сізді қорғаудың жолын іздей бастады. Сіз кішкентай болған кезде, көршінің кішкентай қызы сізді қолына алмақ болғанда қатты қорыққан. Сіз алғаш қадам жасаған сәттен бастап оның жүрегінің соғысы екі есе арта түсті. Ол сіз даладан келгенше ұйықтамады. Сіз құласаңыз, сізді демеп қалуға дайын тұрды.

4. Ол өзінің мінсіз емес екендігін біледі...
Ол – өзінің ең басты сыншысы. Ол өзінің кемшіліктерін жақсы біледі, кейде сол үшін өзін жазғырады. Бірақ, сол кемшіліктерді сіз байқаған сәт оған бәрінен да ауыр тиді. Ол сіз үшін мінсіз ана болуға ұмтылды. Ал, сіз болсаңыз оны жазғырдыңыз. Сізді түсінбегені үшін оған кінә арттыңыз.  

5. Ол сіздің ұйқыдағы бейнеңізге көз алмастан қараған....
Сіз мазасызданып түні бойы көз ілмеген сәттеріңіз болған. Анаңыз болса сіздің ұйқыға кетуіңізді тілеп, қасыңызда ұйқылы-ояу бесік жырын айтқан. Сіз ұйықтаған кезде, бұл қиындықтан бәрін ұмытып, сіздің нұрлы бейнеңізге тамсанып, ана болу бақытын ұққан болатын. Сіздің тәтті ұйқыдағы бейнеңіз оған махаббатты ұқтырды..

6. Сіз – ол үшін әркез бірінші орындасыз...  
Ол әрқашан сіздің қызығушылығыңызды бірінші орынға қойды. Ол сізге назар аударамын деп бір күнің жоғалтуы мүмкін. Кейде өзіне уақыт қалмайтын сәттер болады. Бірақ, ол ертеңіне әдеттегідей бар уақытын сізге арнайды.

7. Ол бұл сезімдерді қайта басынан кешу мүмкіндігінен бас тартпас еді...
Ана болу – ең қиын жұмыс. Сіз жылайсыз, кейде ауырасыз, жұмыс істейсіз әрі оқисыз. Өмір университетінің маманы боласыз. Бірақ, ана болу – осының бәрін бір уақытта жасап, үздік адам болу. Сіз махаббатты сезінесіз, ешкім білмейтін, сезінбейін, айтып жеткізу мүмкін емес сезімдерді бастан кешесіз. Ұйқысыз түндерге қарамастан, ана болу бақыты қайта бұйырса, ешқашан бас тартпас еді. Өйткені, аналар ғана нағыз бақыттың не екенін жақсы біледі.

Сондықтан, келесі жолы анаңызбен қауышқан сәтіңізде оған деген бала махаббатыңызды көрсетіңіз. Қамқор болыңыз, еркелетіңіз.

Т. Есқали