Алдағы маусымдағы сәнді түс — қара индиго

Алдағы маусымдағы сәнді түс — қара индиго
Фото: vk.com

Бояу өндірумен айналысатын PPG компаниясы алдағы уақытта интерьерде қандай түс сәнді болатынын анықтады. Компания колористерінің айтуынша, қара түстің «black flame» аталатын реңі трендке айналмақ. Ол қара мен индиго түстерінің қоспасы іспетті, сырт көзге көмір мен асфальт реңін еске салады. PPG компаниясы берген есепте аталған түстің тек интерьерде ғана емес, сондай-ақ, экстерьерде де белсенді қолданылатыны туралы айтылған.

«Адамдар тұрақтылыққа зәру. Олар, ең болмағанда, интерьерінің түсі сенімділік бергенін қалайды. Қара түс, шын мәнісінде, әлемдегі ретсіздікке қарсы қару іспетті, ол құйылып жатқан ақпарат екпінін бәсеңдететіндей көрінеді. Белсенді өмір мен әлеуметтік желіден шаршаған адамдар қара түс арқылы өзін қарқынды даму үдерісінен қорғайды», - дейді  PPG компаниясының түс маркетингі бойынша менеджері Ди Шлоттер.

Түстің трендке айналуында да осындай философия мен психология бар екенін кім білген?!

А. Оралқызы