Көңіл шіркін қартаймайды

Көңіл шіркін қартаймайды
Фото: phununews.vn

Өмір қамшының сабындай тым қысқа. Балалығыңызды жасырып, есейетін шақ туғанын түсінген сәттен бастап сезімдеріңіздің арасында арпалыс жүреді. Еркелікті ақылдылыққа, ашушаңдықты сабырға жеңдіретін уақыт келеді. Бір ғана нәрсе қартаймайды. Ол – көңіл. Сенбесеңіз мына оқиғаларды оқып көріңіз.

– Бүгін автобуста қолына гүл мен шоколад ұстаған қартты кездестіріп қалдым. Жүргізушіден өзіне межелі аялдамасына барар-бармасын сұрап тұрды. Кейін аялдамаға жақындаған соң жүргізушіге қарап: «Мені сүйіктім  күтіп тұр», – деп балаша қуанды. Бұл махаббат емес пе?

– Менімен бірге оқитын 60 жастағы әжей бар.  Айтуынша, 5 жасар немересі болашақта Италияда өмір сүргісі келеді екен. Ал әжей немересіне итальян тілін тегін үйрету үшін, екінші рет жоғарғы оқу орнының студенті атаныпты. Бұл шынайы сезім емес пе?

– Екі жыл бұрын марқұм атам туған күніме өзінің сүйікті кітабын сыйлаған. Бүгін оқып отырып, ортасынан хат пен ақша салынған конверт тауып алдым. «Өзіңді нашар сезінген сәтте, шоколад алып же!»

– Бір күні атам әжемнің артынан тығылып келді де, көзін қолымен бүркеп «Мен кіммін?», – деп сұрады. Әжем «Сен менің мәңгілік махаббатымсың», – деп жауап қатты.

– Атам мен әжеме қонаққа бардым. Атам менімен бірге үстел үстінде отыр, ал әжем құймақ пісіріп тұрған. Кенеттен атам: «Қане, немеремізге қолымыздан не келетінін көрсетейік»,– деді. Әжем сол бойда табақшадан құймақты аспанға лақтырып жіберді, атам болса асқан шапшыңдықпен оны қағып алды.

Жасыңыз ұлғайған сайын бойыңыздан қуат кетуі әбден мүмкін. Бірақ мойымаңыз. Бастысы көңіліңізге сызат түспесін.
Т. Есқали