Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ата-аналар мен балалар туралы қызықты деректер

Ата-аналар мен балалар туралы қызықты деректер

Ата-аналар мен балалар туралы қызықты деректер

Нигерия – егіздер елі. Әр 11-ші туған бала егіз боп дүниеге келеді. Ал Күншығыс елдерінде бұл өте сирек құбылыс, 250 баланың біреуі ғана сыңарымен бірге өмірге келуі мүмкін.

Кім өзін ең жас әже деп ойлайды? Тарихтағы ең жас әже – румыниялық 23 жастағы Рифка Станеску. Оның қызы 11 жасында нәрестелі болған.

1910 жылы Қытайда 8 және 9 жастағы балалар ата-ана атанды.

Еуропа елдерінде ата-аналардың орташа жасы – 29, ал Үндістанда – 19, Ресейде – 20 жас.

Соңғы уақытта балаларға ерекше есім беру дәстүрі үдеп кетті. Болып жатқан оқиғаларға орай біздің елімізде балаларға Азиада, Универсиада, Саммит деген атау берсе, АҚШ азаматтары танымал брендтер құрметіне қыз балаларға Тиффани, Шанель, Гуччи, Армани, ал ұл балаларға Найк, Адидас, Лексус деп есім береді екен.

Тарихтағы ең көп балалы әке – Мароккодан шыққан Исмаил сұлтан. Оның 548 ұлы, 340 қызы болған.

Жаңа туған нәресте қызыл мен жасыл түсті ажырата алады, ал көк түсті көрмейді.

Статистика нәтижесі бойынша, 3-4 жастағы балалар күніне 900 сұрақ қояды, 12 мыңнан астам сөз айтады.

Ресейде Ванна, Тришка, Афигения, Банана, Грязина, Яробог, Блютуз, Лучезар, Жиромир, Дарий есімді балалар бар екенін білдіңіз бе?

Кореяда дүниеге келген балалардың куәлігінде анасының құрсағында жатқан 9 айы да қосылып жазылады. Сондықтан олар басқа елдегі құрдастарынан үлкен болып есептеледі.

Әлем бойынша өзге елдерге қарағанда көбінесе Австралияда балалар «түтіктен шығады» екен.

11 жасар Мысыр тұрғыны Махмуд Ваиль әлемдегі ең ақылды бала деп танылды.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Ернар Алмабек
Қосылған күні: 30 мамыр 2017, 12:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.