Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Маклермін дей ме?

Маклермін дей ме?

Маклермін дей ме?

Бөтен қалаға алғаш келіп тұрғылықты үй іздеген кез барлығымыздың басымыздан өткен шығар. Осылай сенделіп жүрген әрқайсымыз маклер, риэлтор секілді кәсіп иелерінің қызметіне жүгінуге мәжбүр болған болуымыз да мүмкін.

Бүгін сіз бен біз риэлторлардың қызметін пайдалану тиімді ме деген сұрақтың жауабын іздеп көреміз.

Біріншіден, маклерлердің қызметін пайдаланбаймын деп қанша тырыссаңыз да, бұл әрекетіңіз сәтсіз болуы мүмкін. Неге десеңіздер, ақша таппай тыным көрмейтін бұл кәсіпкерлер ақпараттық кеңістіктерге түскен жарнамаларды іліп әкетіп жер-жерге өздерінің атынан орналастырып тастайды. Тіпті кейбір пысықтары жарнама иесіне өтініш айтып жарияланған хабарландыруды алдырып тастауы да мүмкін. Осының себебінен пәтер иелері мен маклерлердің орналастырған хабарламаларының пайыздық үлестері долбармен есептегенде 20/80 көлемінде болады.

Сондықтан риэлторлық агенттіктердің қызметінсіз пәтер іздеу көп уақыт пен күш жігерді талап етеді. Егер сіз күні-түні жұмыс істейтін қызметкер немесе студент болсаңыз, бұл шаруалармен тыңғылықты айналысу тіпті мүмкін болмай қалады. Араға ешкімді салмай-ақ пәтер тауып мақсатыңызға жеткен күннің өзінде тартқан шығыныңыз маклер сұрап тұрған қаржымен теңесіп, нобайлап та қалуы мүмкін.

Сол себепті жолыңыз болғыш көріпкел болмасаңыз, пәтер іздеудің тауқыметін бірден маклерге табыстаған жөн болады. Жалға беру нарығындағы сауатты мамандар сіздің сұранысыңыз бен талаптарыңызды зерделей отырып көңіліңіздегі үйді дөп басып тауып береді.

Әдетте бұндай агенттіктер қызметі үшін келісім-шарт құнының 10 пайызын сұрайды. Бұл қаражат сіздің жүйкеңіз бен уақытыңыздың бәсі екенін ұмытпаған дұрыс.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: stroika-smi.ru

1479 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 01 қазан 2012, 18:46
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 20:58

Ой, бір пәтер іздегенде, жүйкеден жүйке қалмайды ғой, маклерге сұрағанын беріп, құда да тыныш, құдағи да тыныш отырған дұрыс-ау... :roll:

+0
02 қазан 2012, 09:44

Маклер жақсы, тек қосымша қаржы төлейтінің болмаса

+0
02 қазан 2012, 17:34

бір телефон соққанына 15 000 теңге алатын маман иелеріне жыным келеді! :evil:

+0
02 қазан 2012, 17:34

қой, барып, тәтті жеп келейін :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...