Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...

Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...
Фото: gossips.bg

Неке – отбасылық өмірдің ең басты құндылығы. Отбасы – Отан деген киелі ұғымның ең маңызды өлшемі. Бүгінгі таңда ажырасу мәселесі де өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ажырасудың себебі  де әртүрлі. Біреулер өзара түсініспеушілік десе, енді бір ерлі-зайыптылар есеппен отбасын құрғандығын айтып жатады. Қалай десек те, мәселе күрделі. Мына бір оқиға көпшілікке сабақ болады деп ойлаймыз. 

Гамбург сотына бір әйел күйеуімен ажырасатыны жайлы өтініш тапсырды. Бітімге шақырған сот мүшелеріне әйел үзілді-кесілді қарсы тұрып, мынадай уәж айтты: "Бірге тұрмыс кешкен 17 жыл ішінде, жұбайымның менімен әңгімесі үш-ақ сөйлемнің төңірегінде болды. Таңертең айтатыны «Қайырлы таң!», кешкілік жұмыстан оралған соң «Тамаққа не бар?» деп сұрайды. Ал сағат тілі түнгі он бірді көрсеткенде «Ұйқыға жатайық» дейді. Сот әйелдің күйеуімен ажырасу талабын орынды деп тапты. 

Ақын Мұхтар Шахановтың өлеңі көп дүниенің түйінін көрсететіндей...

Тағдырыңды қатігез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе шараң не?
Махаббат ол – қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.

Сүйіктім-ау, сәнсіз өмір мәнді ме?
Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.
Бәсеңдетпе, қарлықтырма даусыңды,
Бақытсыз боп қалмау үшін мәңгіге.

Сүйіктім-ау, әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе түзейміз ғой сәнді де. 
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, 
Ал махаббат таусылмайтын әңгіме!

Ж. Жұмағұлов