Екеуміз сексен беске келгенде

Екеуміз сексен беске келгенде
Фото: Yvision

Өмірде нағыз шынайы махаббат бар. Мәңгілік махаббатқа да орын табылады. Тек қазірден арадағы сыйластыққа сызат түсірмей, өмір бойы бір-біріміздің көңілімізге қарап өтсек болғаны. Орыс тұлғалары Вадим Зинчук пен Вера Бутконың диалогына назар салыңыздар.

Қыз:
Мен сексен бес жасқа келгенде үйге киетін аяқ киімімді жоғалтып ала беретін боламын. Нан тілімдерін сорпаға салып, жібітемін. Шарф тоқығанда артық етіп, тым ұзын шарф тоқып қоюым мүмкін. Қабырға мен шкафтарға сүйеніп жүремін. Аспанға ұзақ-ұзақ қарап тұрамын. Маған қазір берілген әйелдік құбылыстың барлығы бұзылады. Ұйықтаймын ба, ояу боламын ба, ұйқыдан тұрмаймын ба — бәрібір болып қалады. Езу тартсам, күлгенімнің өзі білінер-білінбес болады...

Жігіт:
Мен сексен бес жасқа келгенде үйде сенің жоғалған тәбішкеңді іздеп жүремін. Дұрыстап иіліп-бүгіле алмағаным үшін өзімнен өзім күбірлеп ұрсамын. Ебедейсіз тоқылған шарфты да мойнымнан тастамаймын. Себебі оны өзге емес, сен тоқисың ғой. Таңмен таласа оянып алып, сенің деміңе құлақ түремін. Содан соң еріксіз жымиып, құшақтап аламын. Сексен беске келгенде сенің үстіңдегі шаң-тозады ұшырып түсіремін. Ағарған бұрымыңды ретке келтіріп қоямын. Қолыңнан ұстап, саябақте серуендеуге алып шығамын. Екеуміз сексен бес жасқа келгенде ана өмірге аттану да қорқыныш тудырмайды...

@. @assel_assanova