Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Сүйгеніңнің сезімі сөне бастаса...

Сүйгеніңнің сезімі сөне бастаса...

Сүйгеніңнің сезімі сөне бастаса...

Сізді сүйген жігіттің талғамы кенеттен өзгеріп, басқа қыздың жетегіне еріп бара жатқанын сезесіз. Қандай әрекетіңіз жасау керектігін білмей дел-салсыз. Әрине, бұл толғандыратын мәселе. Қуанышы мен қиындығы қатар жүретін махаббат даңғылында мұндай жағдайлармен кездеспеу мүмкін емес. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, нендей жағдай басыңызға туған жағдайда не істеу керектігін білген жөн.

1-әдіс: Барлығына көз жұмып, кешіріммен қарау.

Бұл әдісті көбіне еріне тәуелді әйелдер ғана қолданады. Материалдық немесе басқа себептері барлар. Әлсіздігін көрсетпеймін деп, елемегенсіп күйеуіне салқынқандылық танытып, барлығына көз жұмады. Өмірде, мұндай жайттарға мысал өте көп. Бірде, зейнет жасына шыққан әйел, басқа қалаға немересіне аттанады. Қартайған шағымда немереден тәтті не бар деп, күйеуін жалғыз бір аптаға қалдырып, жол жүріп кетеді. Бір аптадан соң әйел қалаға қайтып, үйіне оралса, күйеуі мен көңілдесінің үстінен түседі. Алайда, бұл сюжет отбасының шайқалуына еш кесірін тигізбейді. «Енді қартайған шағымда ажырасып, елге күлкі болам ба?»  деп, күйеуінің қателігіне кешіріммен қарап, барлығын қайта бастауды өзі ұсынған.  Егер бірге қалудың айтарлықтай себебі болмаса, өміріңізді қор қылудың қажеті қанша?

2-әдіс: Кешіріп, жүрегіңізден жырақтату

Жігіттің қалауы басқа болып, сізден жырақтаса, сіз де босатыңыз. Уәделескен сертті бұзып, бірге аттаған қадамнан шегіну жігітке жарасатын іс емес. Әрине, басқамен айырбастаудың бергі жағында сізден де, одан да кеткен қателер тұр. Мүмкін жігіт, соның барлығын жылы жауып, басқамен жұбанғысы келген шығар? Қандай жағдай болмасын, есіңізде болсын, қыздың намысы дәйім биік саналған. Сондықтан да, жасалған қателікті ең алдымен кешіріп, кейін жігітпен ажырасқаныңыз дұрыс болады. Бағасы жоқ алтынның еш қадірі болмайды. Бар жайдың анық-қанығын зерделеп, анықтап алыңыз. Сізге трагедия болып көрінген құбылыс, соншалықты шырмалған мәселе емес шығар. Жігіттің қалауын біліңіз. Егер араңыз суып, сізге келіп-кетер еш нәрсе болмаса, әрине, жүрегіңіздің жартысы деп білген жанмен қош айтысқан абзал. Жүректің жартысы жараланғанша, оның бос екенін сезіну  сізге әлдеқайда жеңілірек болады.

3-әдіс: Махаббат үшін күресу

Сүйіктісін меншігіне айналдырған қыздар көбіне қандай кедергілер болса да, махаббат үшін соңына барудан тайынбайды. Өзіне тиесіліні бөліспейтін арулар жігітін басқа қыздан айырудың түрлі амалдарын орындайды. Егер сіз де арулардың осы қатарына енгіңіз келсе, ең әуелі өзіңізге көбірек көңіл бөлуден бастаңыз. Күтініп, дәйім көрікті болуға тырысып жүріңіз. Жігітіңіздің қалауын орындап, стиліңізбен де жұмыс жасаңыз. Дауда ең алдымен қарсыласыңды анықтап алған жөн. Ол әлдеқайда сізден жас немесе әдемірек болса, қапаланбаңыз! Өзіңізді ешқашан төмен бағалап, одан кеммін деп санамаңыз. Еңсені биік ұстап, өз бақытыңыз үшін күресуге сіздің де құқыңыз барын біліп жүріңіз.

Қорытынды

Рас, әйел жаны сезімтал әрі нәзік жаратылыс. Көңіліне титтей нәрсені жақын қабылдап, кірбің түсетін кез жиі кездеседі. Жүрегіңнің жартысын табу да, тапқан соң онымен бақытты ғұмыр кешу де оңай шаруа емес. Алып кеменің капитаны – әйел. Сондықтан да бар ситуацияны қадағалап, дауылды даудан аман қалу үшін, аямай күш салуы қажет. Бүгінгі бастама –  ертеңгі нәтиже. Қыз баланың бүгінгі жүріс-тұрысы, ақыл-ойы неғұрлым терең, тағылымды болса, соғұрлым әйел бақытының көкжиегі  жақындай түседі. Егер таңдаған жарыңыз сізді басқамен айырбастаса, жіберілген қате ең әуелі өзімнен деп біліңіз. Өзіне сынмен қарай білген адам ғана, өзін толық бүтін бітіммін деп санай алады. «Толық адам» саналған пенденің бақытты болуына іс-әрекеттері себепші болады. Екі жақтың да қатесін саралап, алдағы өміріңіздің қалай болатынын анықтау – тек сіздің қолыңызда. Өмірде қандай қиындықпен кездессеңіз де, бастысы адамдығыңызды жоғалпауға тырысыңыз. Өмірде кедергілр көші өтсе де, жетістіктер мен сәттіліктер арнасы  ағып, сарқырап қалмақ емес.  Өмірдің өзі  - шағын майдан іспетті. Тек сол майданда намыс пен ақылды қару етіп сайлап алсаңыз, ұрыста ешқашан жеңілмейтініңіз ақиқат.

1
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 қараша 2016, 15:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.