Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Жұбайыңыз көзіңізге шөп салса...

Жұбайыңыз көзіңізге шөп салса...

Жұбайыңыз көзіңізге шөп салса...

Әр адам отбасылық өмірге қадам басқан сәтте, жұптары жазылмай, бақытты ғұмыр кешемін деп болжайды. Бірақ уақыт өте, өмірдің қиындықтарын басынан кешіріп, тар жолдан тайғақ кешкен сәтте, осы болжамның барлығы бекер ме деген сауалдар туады. Солардың бірі сол кезде сеніп, таңдаған жардың көзіге шөп салуы әрине, жанға ауыр соққы боп тиеді. Бұл соққыға тек, сабырлы, өмірге шыныққан төзімді, ақыл-парасаты мол әйел ғана төтеп бере алады. 

Психологтардың зерттеуінше, жеке өміріне шағым түсіріп, көмек сұрап келген әйелдердің 95%-ы көзіне шөп салған күйеулерін сатқын деп есептейді екен. Мамандардың айтуынша,  ер немесе әйел адамның шөп салуы екі тараптан да болатын қателік. Осындай қадамға баратын тек, ерлі-зайыптының бірлесіп өткен уақытында, бірінен-бірі көңілі қалып, көңілдері тұңғиыққа батып кеткен адамдар. Дәйім әйеліне сатқындық жасайтын, қызқұмар күйеуі – жолы болмай жүрген бақытсыз адам. Жаны күйзеліске түсіп, көңілі қалған еркек әрине, дереу ажырасуды қалайды. Алайда, негізсіз қадамға ең алдымен балалары, одан қалды болашақта жалғыз қалам деген қорқыныш жіберемейді. Және де әйелінің бұл арызынан кейінгі әсерін ойлап, бұл қадамдарға бармайды. Сонымен, күйеуіңіз көзіңізге шөп салса, қандай шешім жасайсыз?

Нендей жағдайда, ең алдымен балалардың бұл мәселені көрмегені дұрыс. Себебі олар ата-анасын бөліп жармайды. Екеуі де оларға қымбат. Баланың көзінше бір-бірінің абыройын түсіретін отбасы да аз емес. Алайда, бұл баланың психикасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан ең алдымен ойыңызды жүйелеп алыңыз. Асығыс қимыл жасап, ертең опық жеп отырмаңыз. Егер баланың әжесі, не өзіне жақын әпкелері болса, ойланбастан солардың үйіне уақытша қонаққа жіберіңіз. Біздің жеке өмірімздің бүге-шүгесіне дейін білетін  құрбыларымыз болады. Сол құрбыларға арыз айтып, не жұбату іздеп бармаған жөн. Олардың ақыл-кеңестері бар ситуацияны қиындатуы мүмкін. Өзіңізді билеген жағымсыз ойлардан құтылып, уайымға салынуды қою керек. Сізді айырбастаған жұбайыңызбен тілдескен сәтте өзіңізді алшақ ұстаңыз. Ол небір келеңсіз оқиғалардан сақтанудың бір амалы.

Өзіңізді ретке келтіріп, миыңызды тынықтырып алғаннан кейін, жан дүниеңізге үңіліңіз. Өзіңізден «расымен бұл адаммен бірге тұра аламын ба, менің оған деген сезімім әлі де болса бар ма?» деген сауалдар қойыңыз.  Егер сіздің жауабыңыз, осындай шиеленістен кейін де оң болса, қарым-қатынасыңызды қайтадан бастап, жақсарта аласыз.  Өзіңізді қолға алып, бар батылдығыңызды жинап, осы жайында күйеуіңізбен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Оның осы қадамға неліктен барғанының анық-қанығына көз  жеткізіңіз. Ақылды әйел күйеуінің жасаған қателігінен өзінің де кемшілігін  сезеді. Егер жарыңыз сізді әлі де шынайы сүйсе, осы қадамды еріксіз, жай сіздің қылықтарыңызға жауап ретінде жасап жүрген болса, отбасыңыздың шағырағын шайқалтпау өзіңіздің қолыңызда.  Отбасында біреуінің көзге шөп салу себебі көбіне,  айтылған әңгіме мен проблемаларды екі жақ дұрыс түсінбей елемеуінен пайда болады. Сондықтан  күйеуіңіздің бар өкініші мен ренішін асықпай тыңдап, ой түйіңіз.  Осы орайда,  әр адамның қателесуге құқы бар екенін ескеріңіз. Себебі жасалған қателіктер арқылы адам бой түзейді. Және дауға ұласқан шиеленісті кешірімді болған адам ғана жеңеді. Мүмкін ол да кешіруге тұрарлық адам шығар?!

Өмірінің мәніне арналған сол адамды кешірмей тастап кету  мәселенің шешімі емес. Ол керісінше барлығын ушықтыру мүмкін. Өзіңіз кетсеңіз де, жаныңыз жегідей желініп, көңіліңз құлазиды. Ол адамға деген реніш ешқашан басылмай, дықтанып жүресіз. Егер сіз болған жайтты белгілі уақыт ішінде ұмытып, өмірде одан да басқа адамның қымбат екенін сезсеңіз, әрине, жолыңыздың бағытын өзгертуіңізге болады. Барлығын саралап,  ажырасуды дұрыс деп түйсініп, ол адамға еш сезіміңіз болмаса, бала үшін өзіңізді құрбан етіп, ресми отбасы қарым-қатынасын жалғастырмай-ақ қойыңыз.    

0
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 02 қараша 2016, 20:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.