Көпіршіктерді қолдан жасаңыз

Көпіршіктерді қолдан жасаңыз

Суық түсіп, жаңбыр жаумай тұрып, балалық шақты еске алып, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Көпіршіктерді өзіңіз жасап көріңіз.

Сонымен үлкен сабын көпіршіктерін жасау үшін сізге мына нәрселер қажет:

  • 1/2 л су;
  • 1/2 л ыдыс жуатын сұйықтық;
  • 1/2 глицерин;
  • жуан сым;
  • таяқша;
  • изолента.

Шелекте су, ыдыс жуатын сұйықтық пен глицеринді араластырамыз. Сымнан ілмек жасап, таяққа изолентамен бекітеміз. Дайын болған құралды шелекке малып, үрлейміз.

мыльные пузыри дома

Кішкентай сабын көпіршіктері үшін:

  • 300 мл су;
  • 100 гр ыдыс жуатын сұйықтық;
  • 50 мл глицерин керек.

Бәрін жақсылап араластырып, көпіршіктерді үрлей беріңіз!

Көпіршіктердің сапасын жақсарту үшін, мына кеңестерге құлақ іліңіз:

  • Суды алдын ала "жұмсартып" аламыз. Ол үшін жаңбыр суын не қайнаған суды қолданса болады.
  • Глицерин көпіршіктердің жарылып кетпеуіне кепіл береді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: photo-prikol.net

С. А