Бала тілін таба аласыз ба?

Бала тілін таба аласыз ба?
Фото: elenasycheva.kz

Сөздің құдіреттілігінде шек жоқ. Бір сөзбен адам жанына жазылмас жара салуға болады, керісінше, бір сөзбен айықпас дерттен емдеп алуға да болады. Бір сөздің айтылу ырғағы да түрліше болады. Кіммен қалай сөйлесу керегін білу – өнер. Соның ішінде балалардың тілін таба білсеңіз, өмір жеңілдей түседі.

"Тамағыңды тауысып же, әйтпесе балмұздақ жемейсің" деп мәжбүрлеу орнына, "Кіп-кішкентай котлет жоғалса, орнына тәтті нәрсе ұшып келеді" деп қызықтырыңыз.

"Таяқ жейсің" деп ашуланғанша, "Қазір кімнің құлағын тартып, мойнын бұрағым келетінін табыңдаршы" деп күлдіріңіз.

"Орныңды жинап жүр!" деген зілді бұйрық орнына, "Сен сиқыршы болғаныңда, үстелдің үстін тап-тұйнақтай етіп бір сәтте жинар едің" деп қиялға берілтіңіз.

"Саған неше рет айту керек" деп қабақ шытқанша, "Бір-екі-үш, құпия ақпарат таратамын. Естіліп тұр ма, қайталаймыз" деп сыбырлаңыз.

"Кедергі келтірме!" деп көңіліне қаяу түсіргенше, "Кішкене өзің ойнай тұр. Менің қолым босағанда кішігірім мереке ұйымдастырамыз" деп шабыттандырыңыз.

"Кірпиязданба! Футболкаң жуылған жоқ, басқа жейде ки!" деудің орнына, "Сенің ол футболкаңның інісі – осы жейде. Ол сені сағынды" деңіз.

"Тезірек жүр, енді қанша күтуге болады!" деген бұйрық орнына, "Стартқа... Мұқият бол... Кеттік. Жүгір!" деп қуантыңыз.

"Бүгін ұйықтайсың ба, жоқ па?!" деген риторикалық сұрау орнына, "Саған жамылғыға тығылатын қызық әдіс көрсетейін бе?" деп алдаңыз.

"Ешқандай "жоқты" білмеймін" деп тыжырайғанша, "Қараңдар, кірпияз бала келе жатыр. Ол біздің көңілімізді түсірмес үшін, ұстап алыңдар" деп ойынға айналдырыңыз.

"Қолыңды жудың ба?" деп ала көзбен атқанша, "Бәстесейік, қазір сенің қолыңнан қап-қара кір су ағады" деп ұсыныс білдіріңіз.

@. @assel_assanova