Ол сізге үйленбейді

Ол сізге үйленбейді
Фото: amur.kz

Махаббат өмір сүрген жерде бейбітшілік орнайды: ұрыс-керіссіз, дау-дамайсыз. Ал ол суи бастаса, бірге болмауға түрлі себеп пайда болады. Мысалы...

Екеуіңіз ұқсамайсыздар

Ол – ағылшын, сіз – қазақ. Ол – ақын, сіз – бас есепші. Ол – флегматик, сіз – сангвиник. Ол рок музыкаларын тыңдайды, ал – сіз классиксіз. Айтуға себеп көп.  Өзіңіз айырмашықтарыңызды біліп тұрсаңыз, басты сұрақтың жауабын да біліп тұрсыз. Артынша «Ата-анам, достарым не дер екен?» деген сұрақ дайын тұрады. Діл (менталитет), мінез, дәстүр деген үш тағанды негізге алып мәселені шешіп көріңіз. Бәрі өз қолыңызда.

Мен сұлу емеспін немесе мінезім оңып тұрған жоқ

Кей аналар қыздарының бет бақтырмай, өрлігін танытқанын көрсе «Сені жар қып біреу алар ма екен?» деп жатады. Әрине, бұл қызына деген сенімсіздіктен пайда болады, бәріне кінәлі – тәрбие. Бұл туралы кейін...  Бірақ, адам өз-өізмен жұмыс жасай алуы керек қой. «Менің мұрным пұшық» деген сылтау оның сізге үйленбеуіне себеп болмайды. Ғашық адам көзсіз ғашық болады, ол оның кемшілігін махаббатқа деген «соқырлығынан» көрмейді. Мінезге келер болсақ, мінезіңізді өзгерту өз қолыңызда. «Мен осындаймын» деп жүргендер біреудің бағын байлайды немесе жерде қалады. Мінезбен ойнамау керек.

Оның жанұясы мені қабылдамайды

«Өйткені мен – Найманмын» немесе «Ата-анасы батыстың қызын алма деген». Егер сүйгеніңіз «бар нәрсені бірге көреміз десе» қысылмаңыз. Сүйгеніңіз – жаныңызда. Тек оған үнемі қолдау беріп отырыңыз. Себебі, туыстары оған да шабуылдауы мүмкін. Оны сыйлайтындығыңызды, араңыздағы ұлы сезімді көрсете біліңіз. Бастысы – сыйластық.  Беттен алып, жаға жыртыспасаңыздар да, «сөз» деген «жұдырықтан» абай болыңыз. Төзімділік пен сыйластық бәрін жеңеді.

Жалғсы бар...

Г. Берік