Күнделікті тұрмысқа арналған қарапайым кеңестер

Күнделікті тұрмысқа арналған қарапайым кеңестер

Тұрмысты оңтайландыру үшін небір қулықтар мен әдістер бар. Оның кейбірі жайлы біз тіптен ойланбаймыз. Ал тапқыр адамдар бәрін зерттеп, бізге ойластырып қойған.

Спорттық киімдеріңіз салынатын сөмкеге немесе аяқ-киіміңізге бір-екі шай пакетигін салып қойсаңыз, барлық иісті сіңіріп алады.

Қатты қышып тұрған жеріңізді қаттырақ басып жіберіңіз. Қан тарап, қозу біраз басылады.

Жиһаздың сырылғанын кетіру үшін түйе жаңғағының дәнімен ысқылап жіберсеңіз болғаны.

Аузыңыздан жағымсыз иіс шығатын-шықпайтынын тексеру үшін білегіңізді жалаңыз да, бірнеше секунд күтіңіз. Ешқандай иіс болмауы қажет.

Дүкенді құлаққаппен араласаңыз, сатушылар мазаңызды алмайтын болады.

Балғамен жұмыс істеген уақытта шегені қысқышқа ұстатып қойыңыз – саусақтарыңыз аман болады.

Пияз турамас бұрын, мұрындарыңызға мақта тығып қойыңыз. Сонда көзіңізден жас ақпайды.

Суды тезірек суыту керек болса, оны дымқыл қағаз орамалға ораңыз да, мұздатқышқа салып қойыңыз.

Тіс пастасы көліктің фарын жақсы тазалайды.

Үлкен ыдысты сумен толтыру керек болса, таза қалақты пайдаланыңыз.

Ұзақ жүретін болсаңыз немесе жүгірер алдында табаныңызға антиперспирант жағып алыңыз. Бұндай қулық аяқтарыңызды қыста жылы ұстайды және сүйел пайда болудың алдын алады.

Суреттер: facenews.ua, fashiony.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina