Тест. Отбасының биоөрісі

Тест. Отбасының биоөрісі
Фото: vk.com

Отбасы – сан түрлі мінезге ие жақын адамдардан құралған топ секілді. Оның ішіндегі биоөрістің қалай таралатындығын мына тесттің көмегімен білуге болады. Төмендегі пікірлердің жанына "иә" немесе "жоқ" деген жауаптарды белгілеп отырыңыздар.

1. Біздің отбасымыздың ынтымағы берік.

2. Демалыс күндері үш мезгіл асты бірге ішу отбасымыздың әдетіне айналған.

3. Отбасының кейбір мүшелерін көру зығырданымды қайнатады.

4. Өз үйімде өзімді өте жайлы сезінемін.  

5. Біздің отбасымызда арамызды алшақтатып жіберетін кейбір жағдайлар бар.

6. Тек үйде ғана кеңінен көсіліп, жақсы демаламын.

7. Үйде ұсақ-түйек келіспеушіліктер орын алып жатса да, олар тез ұмытылады.

8. Отбасы мүшелерінің кейбір қылықтары менің ызама тиеді.

9. Өз үйім – берік қорғаным деп бар сеніміммен айта аламын.  

10. Үйге қонақтардың келуі өзара қарым-қатынасымызға жақсы әсерін тигізеді.

11. Үйде өте қызба адам бар.

12. Үйде мені жұбататын, шабыттандыратын жан әрдайым табылады.

13. Отбасымызда мінезі өте ауыр жан бар.

14. Отбасымызда бәрі бір-бірін өте жақсы түсінеді.

15. Осы күнге дейін байқағанымыз, үйге келіп-кеткен қонақтың арты әрдайым дауға ұласады.

16. Шалғайда ұзақ уақыт жүрсем, үйімді қатты сағынам.

17. Таныстарымыз біздің үйге келгенде, бейбіт әрі тату екенімізді айтып жатады.

18. Үйімізде үлкен жанжалдар орын алып тұрады.

19. Үйдің атмосферасы маған кері әсер етеді.

20. Үйде өзімді жалғыз әрі ешкімге керек еместей сезінемін.

21. Жазда жанұямызбен бірге демалу әдетке айналған.

22. Үй шаруасындағы күрделі жұмыстарды біз бәріміз бірге істейміз (бақша күтімі, жиынға дайындалу, жаппай үй тазалау).

23. Отбасы мүшелері жиі бірге жиналып, ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнайды.

24. Үйде көңілді атмосфера басым.

25. Үйдегі ауа-райы көбіне көңілсіз әрі ауыр.

26. Үйдегілердің титығыма тиетіні – олардың бәрі бір-біріне дауыс көтеріп сөйлейтіні.

27. Үйде қателіктеріміз не ыңғайсыздықтар үшін бір-бірімізден міндетті түрде кешірім сұраймыз.

28. Мерекелерде әдетте біз дастарқан жаямыз.

29. Үйдегі жағдайдың жайсыздығыы сонша, тіпті, жиі үйге қайтқым келмейді.

30. Үйде мені жиі ренжітеді.

31. Пәтеріміздің үнемі таза болып тұратыны мені қуантады.

32. Үйге келгенде менде жиі болатын жағдай: ешкімді көргеім де, естігім де келмейді.

33. Отбасылық қарым-қатынасымыз дүрдараз.

34. Үйдегілердің бірі өзін жайсыз сезінетінін білемін.

35. Үйге қонақтар жиі келеді.

Қорытынды: Өз жауаптарыңызды тесттің кілтімен салыстырыңыз: "иә"- 1, 2, 4, 6, 7, 9, 10, 12, 14, 16, 17, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 31, 35; "жоқ" - 3, 5, 8, 11, 13, 15, 18, 19, 20, 25, 29, 30, 32, 33, 34. Кілтпен сай келген әрбір жауап үшін бір ұпайдан қосыңыз. Отбасының биоөрісінің көрсеткіші 0 ұпайдан 35 ұпайға дейін өзгеріп отыруы мүмкін.

Жалпы ұпай саны 0 мен 8-дің аралығын қамтыса, үйде тұрақты теріс биоөріс орнаған деген сөз. Бұл аралықта орналасқан ерлі-зайыптылардың шаңырақтары шайқалған, тіпті, ажырасуға бет алған болуы мүмкін.

9-15 ұпай. Тұрақсыз не өзгеріп отыратын биоөріс. Ортақ өмірден көңілі қалған, жүйкелері аздап жұқарған отбасының көрсеткіші.

16-22 ұпай. Кейбір келеңсіз тұстары болса да, жалпы, жағымды энергетика орнаған отбасы.

23-35 ұпай. Тұрақты оңды биоөріс.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік