Есімдер құпиясын ескерейік

Есімдер құпиясын ескерейік
Фото: astanafm.kz

Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйен­сек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кі­лең жуан дыбыстардан тұра­тын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Жел­тоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаң­тар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсық­ты­ғының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев. 

Көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсер­шіл. Олардың көбісі тумысынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз мінезі олардың көш­бас­шы болуына кедергі. Сон­дықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. 

Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тә­каппарлық, батылдық тән.

Күзде туған балалар өте әм­бебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойла­нып-толғанады. Бірақ мінез­дері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың таби­ға­тына ештеңе әсер етпейді. 

Жалпы, балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескермеуге болмайды. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қа­жырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаны­ңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыз­дың қандай болғанын қалай­сыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар әрбір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйле­сімді өмір сүруіне ықпал ете алады.

Дереккөз: zhasalash.kz

Ө. Сансызбай