Байып кету мүмкіндігіңіз қандай? Тест

Байып кету мүмкіндігіңіз қандай? Тест
Фото: yurface.ru

1. Ақша жайлы қай тұжырым бәрінен дұрыс? 
Кейде ақшаның құны тым қымбат тұрады– 1. 
Ақылды жандар ақшаны жүрегінде емес, ақылында сақтайды – 2. 
Ақша үшін өмір сүретіндер қиялға беріле алмайды – 3. 

2. Сізден қарыз алған танысыңыз ол жайлы ұмытып кеткендей кейіп танытып жүр. Ал сіз... 
Қарызыңызды қайтарып алу үшін бәріне барасыз, тіпті, қатаң жолдарды да қолданасыз – 3. 
«Мүмкін, дәл қазір оның ақшасы жоқ шығар» деген оймен үндемей, күтіп жүресіз – 1. 
Кездескен сайын қалжыңмен есіне түсіріп тұрасыз – 2. 

3. Таныстарыңыз сізге өздерінің жаңа жобаларына комақты қаржы инвестициялауды ұсынды. Сіз... 
Қолда бар ақшаңызды түгел саласыз – 3. 
Жоба жайлы толығырақ білуге тырысасыз – 1. 
Жоғалтып алуға қорықпайтындай көлемде қаржы жұмсайсыз – 2. 

4. Қалай баюға болады? 
Өз жұмысыңда қабілеттілігіңді арттыру– 2. 
Барынша үнемшіл болу – 1. 
Өз ісіңді бастау – 3. 

Нәтижесі: 

4–5. Бай болу мүмкіндігіңіз жоқтың қасы. Бірақ бақыт байлықта емес қой, солай ма? Өмірде тегін алуға болатын нәрселер бар. Мәселен кітапханадан кітап алу, мұражайларға бару, табиғаттың сұлулығы, т.б. 
6–7. Материалдық жағдайыңызды оңалтуға сізге жетіспейтіні – қабілеттілік пен талпыныс. 
8–9. Мұндай қабілетпен қалайша әлі күнге байымай жүрсіз? Кәнеки, алға! Сіздің қолыңыздан келеді. 
10–12. Сіз дүние жинап үлгерген жансыз. Оған қол жеткізу үшін кейде ардан асқан кездеріңіз де болды. Бірақ нәтиже соған тұрарлық па?!

Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова