Сұйық сабын пайдаланасыз ба?

Сұйық сабын пайдаланасыз ба?

Мамандар соңғы кезде қатты сабыннан гөрі сұйық сабынның пайдасының молдығын жиі айтып жүр. Қатты сабынды малдың майынан жасаса, сұйық сабынды өсімдік майынан әзірлейді. Өсімдік майының құрамында теріге шипалы қоспалар көп болады.

Тиімділігі:

 Сұйық сабын гигиена талаптарына сай болып келеді. Оны қатты сабын секілді әркім қолына ұстамайды. Тек ыдысынан керектісіне қарай құйып алады.

Душта қатты сабынды езгенде кейде қолымыздан сырғып түсіп кетіп жатады. Сұйық сабынды пайдаланғанда ондай ыңғайсыз жағдайлар туындамайды.

Жол сапарда оны алып жүру өте ыңғайлы.

Сұйық сабын қатты сабын секілді кеуіп, не езіліп кетпейді. Ол қанша уақыт тұрса да, алғашқы құрамы мен қалпын сақтап тұрады.

Ол өте үнемді. Одан әркім керектісін құйып ала алады.

Сұйық сабын қол терісін құрғатпайды.


Кемшілігі:

Құрамында сілтісі аз сұйық сабын қатты сабындай ласты жақсы кетіре алмайды.

Сұйық сабынның хош иісі құрамындағы көп бояулардың әсерінен өзгеріске ұшырайды.


Бізден сізге кеңес

Сұйық сабынды сатып аларда оның түсіне назар аударыңыз. Егер түсі күңгірт болса, жасанды бояулардан жасалған деп біліңіз. Негізі оның түсі мөлдір болуы керек.

Түсі қанық болса, сабында жасанды компоненттер көп деп біліңіз.

Суреттер:happy-giraffe.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева