Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Арқан жіппен бұйым жасау

Арқан жіппен бұйым жасау

Арқан жіппен бұйым жасау

Арқан жіппен үйдің ішін әдемілеу теңіз стиліне жақын жандарды қызықтыруы мүмкін. Арқанды түрліше байлап, сан түрлі бұйымдар шығаруға болады. Мысалы, айна, картина сынды заттарды іліп қоюға, баспалдақ таяныштарын жасауға болады екен.

Аспалы бақ. Арқан жіппен суреттегідей аспалы дүниелер жасауға, айна, картина, сөрелерді іліп қоюға болады. Бұл үйге келген қонақтардың қызығушылын тудырары сөзсіз. Есік алдына да әткеншек жасап қойсаңыз, әдемі көрінеді. Әсіресе, гүлдерге арналған сөрелер көзге ерекше әсер етеді.

Үстел. Арқанды пайдаланып қолдан неше түрлі заттар жасауға болады. Суреттің жиегін, үстелдер, кереуеттердің арқалығын икеміңізге қарай жасауға болады.

Тұрмыстық бұйымдар. Шамдарды, зат салатын қорапшаларды, қобдишаларды, гүл себеттерін арқанмен орап, ерекше дизайнмен әрлесеңіз, үйдің сәнін келтірері анық.

Мына суреттерден баспалдақтардың таянышын да арқандармен жасауға болатынын көрдіңіздер. Мұндай таяныштар теңіз стилін, жағалауды еске түсірерсі сөзсіз.

Шамдар мен аспашамдарды да қалауыңыз бойынша сәндеуге болады.

Жерге жаятын төсеніштерді де мына суреттегідей етіп тоқысаңыз, үйіңіздің сәніне айналдырасыз.

Басқа да бұйымдарды өз қалауыңызбен әрлесеңіз, талғамыз да, қолөнерге деген шеберлігіңіз де арта түсері хақ. Есік тұтқаларын, перде ұстатқышын жасасаңыз да болады. Үйдің сәні мен әні бойжеткендердің қолында екенін ұмытпайық, қыздар! 

Фото: lifehacker.ru
Қосылған күні: 10 қараша 2015, 16:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.