Салт аттылар “жар-жарлатқан” қазақ тойы көпшілікті таңғалдырды

Салт аттылар “жар-жарлатқан” қазақ тойы көпшілікті таңғалдырды
Фото: youtube.com

"Инстаграм" желісінде салт аттылар “жар-жарлатқан” қазақ тойының видеосы көпшіліктің назарына ілікті.

Видеоны жүктеген қолданушы бұл ерекше той Қазақстанда болды десе, кей пікір қалдырушылар оның Қытайда өткеніне сенімді. Көне дәстүрді жаңғыртып, қолына домбыра алған той қонақтары “жар-жар” әнін жарыса орындап барады.

Видеоны көргендер арасында тойдың өткен жеріне байланысты пікірталас туындаған. Бірі Қырғызстан, Қытай десе, бірі өз еліміздің Үшқоңыр, Шымкент, Тараз қаласында өтті деп санайды.

Тіпті, бұл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара болуы мүмкін деген болжам айтқандар да бар.

Дереккөз: nur.kz

С. Ерсін