Үйіңізге өзгеріс енгізіңіз

Үйіңізге өзгеріс енгізіңіз
Фото: walldes-download.com

Жаздың ыстық күнінде үйден шықпауға тырысамыз. Үйіңізге азғантай өзгеріс енгізсеңіз, көңіліңіз жайланады. Сондықтан жазда жаңарыңыз. 

Ең алдымен үйді түгел жинап, жуып шығыңыз. Қажетсіз заттарды аямай лақтырып, үйіңізді мұнтаздай таза етіп қойыңыз. Төсеніштерді ауыстырыңыз, ауыр кілемді ашық түсті жеңіл кілемге алмастырып, кей бөлмеден кілемді мүлде алып тастаңыз. Төсенішті маусым сайын ауыстырып тұрған абзал. Жиһаздардың орнын өзгертіңіз. Мүмкіндік болса, жаңа жиһаз сатып алыңыз. Бөлме гүлдерінің орнын ауыстырып, ашық түсті ыдысқа қайта отырғызыңыз. Ас үй де жаңалықты қажет етеді, сондықтан жаңа дастархан сатып алыңыз. 

Үйіңізді өзгертіп болсаңыз, күн сайын үйді жинап тұруды ұмытпаңыз. Тазалық – денсаулық кепілі. Көзге көрінетін жерлер – есіктің, терезенің, ас үйдегі газдың, дастарханның, айнаның тазалығы, қоқыстың болмауы. Үйдегі бөлмелерді бөліп-бөліп жинаған жөн, ең дұрысы үй жинау күнтізбесін құрыңыз. 

М. Оңғарова