Ас үйдегі құмырсқалардан құтылудың 3 тәсілі

Ас үйдегі құмырсқалардан құтылудың 3 тәсілі
Фото: rudaki.ru

Үйде болғанымызда тыныштығымызды құмырсқалар бұзады. Бұл кішкене жәндіктер әр қуысқа кіріп, азық-түліктердің ішін аралайды. Олар тәтті тағамдарды жақсы көретіндіктен, әр күн сайын қант немесе тосап салғыштың ішінде жүреді. Ең жаманы – олардың адам денсаулығына кері әсерін тигізетін тағамды жеп келіп, оның қалдығын ас үйіңізге тасымалдауы. Оcылайша инфекциялық аурудың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Электрлі құрылғылардың ішіне кіріп алып, токтың дұрыс таралуына кедергі жасайды. Олай болса, олардан қалай құтылуға болады?

Құмырсқалардан арылудың түрлі жолы бар. Алайда ең әсерлі дегендерін ұсынуды жөн көрдік. Оларды қолданғаннан кейін ұзақ уақытқа дейін мазаңызды алмайды. Тіпті, толығымен жоғалуы да мүмкін. Ең алдымен, олардың илеуі қай жерде екенін анықтаңыз. Мүмкін көршілеріңіздің үйіне жақын орналасқан шығар. Егер илеуі сіздің үйіңізде орналасса, одан бірден арылыңыз. Ал көршілеріңіздің үйінде орналасқан болса, иесімен келіскеніңіз жөн.

Химия көмекке келеді! Құмырсқалардың жолын бақылау арқылы илеуін табуға болады. Орналасқан жерін тапқан соң Дихлофос себіңіз. Артынша үйді жақсылап жуыңыз. Мұнымен қатар, «Машенька» деп аталатын сабын сатып алып, жәндіктердің жүрген жолына жағып шығыңыз.

Маңызды! Үйде аяғы ауыр әйелдер, кішкене балалар мен үй жануарлары болған кезде бұл тәсіл көмектеспейді.

Үй жағдайында дайындалатын қоспалар. Мұндай қоспалардың көмегі мол. Оны көбінесе ауылдық жерлерде қолданып жатады. Құмырсқалардың жейтін құралына улайтын зат қосып қойыңыз. Олар оны илеуіне тасымалдап, қалған құмырсқалардың өлуіне себепші болады. Мұндай қоспаны қант, су, бор қышқылы және бурадан жасауға болады. Хош иісімен еліктіру үшін тосап, бал немесе шәрбат қосыңыз. Ең бастысы, қоспаны таза ыдысқа салуды ұмытпаңыз. Олар өзге иісті сезсе, қашып кетеді.

Екінші тәсіл. Суға ашытқыны ерітіп, үстіне қант, бал және өзге тәтті тағамды қосыңыз. Араластырсаңыз қоюлана түседі. Оларды құтының қақпағына құйып, құмырсқалар көп жүреді деген жерлерге қойыңыз.

Егер жәндіктерді өлтіргіңіз келмесе, келесі үшінші тәсілді пайдалануыңызға болады. Ыдыстардың шетіне лимон шырынын, өсімдік майын, сарымсақ қосылған натрий немесе ақжелкен шырынын жағып қойыңыз. Құмырсқалар бұл иісті көтере алмайды. Бұдан өзге түймедақ, жабайы жалбыз, аниса, қалампыр сынды иістерді жақтырмайды. Және бұл жерге екінші рет келмейді.

Ал сіз бұдан өзге қандай тәсілдерді білесіз?

Қ. Бүйенбай