Үй шаруасындағы қулықтар #2

Үй шаруасындағы қулықтар #2
Фото: eco-fueler.com

Назарларыңызға үй шаруасында аса қажетті болатын кеңестерді ұсынамыз.

1. Сөмке ішіндегі иісті кетіру

Сөмкеңіздің ішінен жағымсыз иіс шығып тұрса, ішіне пайдаланылмаған шай қалташасын салып қойыңыз.

2. Құбыр тазарту

Құбырды тазарту үшін ішіне тұз сеуіп қойыңыз, біраздан кейін қайнаған сумен жуып тастаңыз.

3. Үтікті тазарту

Үтіктің бетінде күйген дақты тазарту үшін мұсатырлы спирт пен сіркесуынан ерітінді дайындап, шүберекпен сүртіңіз.

4. Көкөніс сорпасы

Жаңа піскен көкөністерден сорпа жасайтын болсаңыз лавр жапырағы, қара бұрыш сияқты дәмдеуіштер салмаңыз. Жасыл аскөк, ақжелкен секілді өсімді дәмдеуіштерін қосыңыз, бұл денсаулыққа пайдалы.

5. Ас үйде

Ас үйдегі тақтайша үнемі таза болуы керек. Оны тазарту үшін суды сіркесуымен араластырып, сүртіңіз.

6. Дәмді қарақұмық

Қарақұмық дәмді болуы үшін кәстрөлге одан екі есе көп су құйыңыз. Міндетті түрде қайнату кезінде қақпағын жауып жүріңіз.

7. Балық иісі

Балық пісіру барысында жағымсыз иіс шықпауы үшін суға ақжелкен, балдыркөк тамырын қосуға болады.

8. Ваннаны тазарту

Ваннаны ағарту үшін арнайы ерітінді дайындау керек. Оны жасау үшін 2 ас қасық кальцийленген сода мен 2 ас қасық ас содасын араластырыңыз. Бұл қоспамен ваннаны сүртіп шығыңыз. 5 минуттан кейін 50 гр сіркесу мен 50 гр ағартқыш араласқан ерітіндімен сүртіп шығу керек. Оны жарты сағатқа қалдыру керек.

Ф. Абилова