Әкемен сырласу дұрыс деп ойлайсыз ба?

Әкемен сырласу дұрыс деп ойлайсыз ба?

Қыз баланың қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан қыздың тәрбиесіне аса мән берген жөн. Тәрбиеде басты ескеретін жайт – әке рөлі. Әрбір әке білуі тиіс факторлармен таныса отырыңыз.

Қыз бала есейген сайын әкесінен алшақтайтыны жиі кездесетін жайт. Бұл орайда осы стереотипті бұзып, қызыңыздан алыстамаудың амалын табу керек. Қыз балалар өз кезегінде әкелерін жатсынбай, олармен де сырласа білгені абзал.

Әрине әкемен сырласудың өзіндік ерекшелігі болады. Әкеге жігіт, махаббат, сезім жайлы сырларды ақтармаған жөн. Мұндай ақпаратты 10 әкенің бірі адекватты түрде қабылдай алуы мүмкін. Сонда да әке мен қыздың арасындағы сенім мен қарым-қатынасқа мұндай жайттар кері әсерін тигізуі ықтимал.

Себебі әке, біріншіден, ер адам болғандықтан, қызын бөтен жандардан қызғанатыны заңдылық. Кішкентай ханшайымының бой жетіп, жаң жағына көз салып, махаббатын күтіп жүргенін әкесі көргісі келмесе де, сезеді. Қызының басқа ер адамға сезім білдіруі әкесі үшін бейсаналы түрде өте ауыр. Сондықтан махаббат жайындағы кеңестерді анадан, құрбы не жеңгеден сұрап, бөліскен абзал.

Өкінішке орай біздің қоғамда "әкенің жақындығы жездедей-ақ" деген мәтелдің орны бар. Оны бірі дұрыс көрсе, басқасы бұрыс санайды. Алайда, көзіңізге елестетіп көріңізші: әкесіне сенетін, оның жақсы көретініне күмәнданбайтын бала қандай болып өседі? Әрине, махаббатқа толы, жақсы отбасында өскен бала қоғамда өз орнын тез тауып, тұлға ретінде қалыптасу процесі де ұзаққа созылмайтыны дәлелденген.

Сол себепті, әке мен қыздың арасы алшақтамай, жақынырақ сырласқаны жөн. Әкесімен "дос" бола білетін қыз бала болашақ жарын да дұрыс таңдайды.

Сурет: ©Дарья Лапина

Оқи отырыңыз:

"Мен сенің анаңды жақсы көрем"

Күйеу бала немесе "сен менің әкеме ұқсайсың"

"Әкесі жақсы қандай-ды, перзент қамын ойлаған"

Болашақ жарым қандай болуы керек? #3

Ф. Абилова