Үй жиһаздарының қандай ағаштан жасалғаны дұрыс – 2

Үй жиһаздарының қандай ағаштан жасалғаны дұрыс – 2

Қазіргі таңда табиғи ағаштан жасалған жиһаздар өте қымбат тұрады. Осыған орай отбасы бюджетін жинақтап, пластик, әйнек, ламинадталған ДСП секілді арзан материалдардан жасалғандарын таңдаймыз. Ал табиғи ағаштан жасалған жиһаздың денсаулыққа пайдасын тигізіп, үйдегі микроклиматты жақсартатынын білесіз бе? Білмесеңіз, ол ағаштардың пайдасын жеке-жеке талдап көрейік.

Бүк ағашы

Аталған ағаштан жасалған төсектер ұзақ жылдар бойы ортопедиялық қасиетін сақтайды. Аллергиясы жылдам қозатын адамдар үшін өте пайдалы. Және өзге ағаштарға қарағанда түрлі түсті болып келеді. Бірақ температураның түрлілігін көтере алмайтындықтан, бүк ағашынан жасалған жиһазды үйдің ішінде ғана ұстаған жөн.

Емен

Ұзақ уақыт бойы су түбінде өңделген, мореналық емен болса, тіпті, жақсы. Оның ағашында эфир майлары өте көп мөлшерде болатындықтан, тыныс алу жолын реттейді. Мұнымен қатар иесіне жайлылық сезімін сыйлап, тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді.

Қарағай

Ол ауру шақыратын түрлі микробтармен күресіп, микроклиматты жақсартады. Иісі өкпе үшін өте пайдалы. Өзге қылқан жапырақты ағаштармен салыстырғанда қолжетімді бағада сатылатындығын байқауға болады. 

Оқи отырыңыз:

Үй жиһаздары қандай ағаштан жасалғаны дұрыс?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай