Шалбарды қалай үтіктеу керектігін білесіз бе?

Шалбарды қалай үтіктеу керектігін білесіз бе?

Қолымызда барлық мүмкіндіктеріміздің бар екеніне қарамастан, мыжылмайтын матасы бар киімдерді табу қиынға соғуда. Сол себепті қандай жағдай болмасын үтіктің көмегіне жүгінеміз. Ал сіз шалбарды қалай үтіктеу керектігін білесіз бе? Білмеген болсаңыз, төмендегі нұсқаулықтарды оқыңыз. 

1. Киім үтіктейтін тақтайшаны орнатыңыз. Шалбарды тегіс жерде үтіктей беруге болады. Бірақ, ең дұрысы – киім үтіктеуге арналған тақтайша. Оны өзіңізге ыңғайлы биіктікте орналастырыңыз.  

2. Матасын тексеріңіз. Үтіктемес бұрын, киімнің қандай матадан тігілгенін білгеніңіз жөн. Ал матаның көпшілік түрі арнайы температураны орналастыруды қажетсінеді.

- Жүннен тігілген маталар үшін төмен температура қажет. Ал мақта сынды маталарды ең жоғарғы температурамен де үтіктеуге болады.

3. Үтіктің ішіне су құйыңыз. Бүгінгі таңда көп үтіктің бу шығаратын қызметі бар. Сондықтан үтіктің ішінде су жартылай болған жағдайда да оны толтырған абзал.

4. Үтікті қосып, киіміңіздің матасына сай қажет температураны таңдаңыз. Егер нақты қандай температураны қоюды білмесеңіз, мүмкіндігінше төмен температураны пайдаланғаныңыз жөн.

- Үтіктің дайын, дайын еместігін оған су бүркеу арқылы анықтай аласыз. Су тамшылары үтікке тие салысымен кеуіп кетсе, үтік қолдануға дайын болғаны.

5. Қалтасын үтіктеңіз. Шалбарды қалтасынан бастап үтіктеген бір түрлі естілетін шығар, алайда дәл сол жерден бастаған дұрыс.

6. Шалбардың жоғарғы бөлігін үтіктеңіз. Оның жоғарғы бөлігін киім үтіктейтін тақтайшаға кіргізіңіз. Артынша үтікті емес, шалбардың өзін қозғалтыңыз.

7. Балағын үтіктеңіз. Бұл – ең оңай процесс. Бар болғаны үтікті төмен-жоғары жылжытсаңыз болғаны.

8. Классикалық шалбардың көбісінде қыры болады. Егер шалбарыңызға қыр салғыңыз келсе, оның екі шеті бір-бірінің үстіне жайғасатындай етіп тақтайшаның үстіне орналастырыңыз. Бірінші қыр салғаныңыз жөн. Артынша ортаңғы бөлігін үтіктейсіз.

- Шалбардың қыры қалтаның төменгі бөлігіне дейін созылуы тиіс.

9. Барлығы кепсін. Киім үтіктеп болған соң, шалбар мен үтіктің кебуіне мүмкіндік беріңіз. Егер киімді ыстық күйінде шкафқа салатын болсаңыз, олар қайтадан мыжылады.

Қосымша кеңестер:

  • Шалбардағы дақ үтіктеген кезде матаға сіңіп қалатындықтан, кірленген шалбарды үтіктемеген жөн;
  • Кейбір жүн матадан тігілген шалбарлар үтіктеген соң жалтырап қалады. Әсіресе мектеп формысы. Сондықтан шалбардың үстіне жеңіл мата қойып үтіктеңіз;
  • Үтікті сөндіруді ұмытпаңыз. Оның салдары үлкен өртке алып келуі мүмкін.

 Ал сіз шалбарды қалай үтіктейсіз?

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай