Балалар қандай жанұяны жақсы көреді?

Балалар қандай жанұяны жақсы көреді?

АҚШ ғалымдары жиырмадан астам мемлекетті аралап, отбасылық ауқаты әр алуан он мыңнан астам оқу жасындағы балаларға тексеру жүргізіп, балалардың отбасылық рухани тұрмысы мен экономикалық жағдайына ерекше назар аударатынын байқаған.

Зерттеу нәтижесі ата-ана мен жанұяға қойылатын 10 түрлі талапты қорытындылаған:

1. Балалардың көзінше үлкендердің ұрсыспауы;

2. Балалардың бәріне бірдей мәміле жасау;

3. Балалардың тауларын қайтармау, оларға өтірік айтпау;

4. Ата-ана бір-біріне кішіпейіл болып, бір-бірін келсе-келмес жазғыра жөнелмеу;

5. Үлкендердің балаға барынша қамқор болуы, олармен тату-тәтті өмір сүру;

6. Баланың достары үйге келгенде оларды қызу қарсы алу;

7. Балаларға үнемі салқынқанды болмау, қатты ашу шақырмау;

8. Отбасындағы тәрбиені үлкендер алдымен өзінен бастау, кішіні аялап, үлкенді құрметтеу керек екенін өздері көрсетуі керек. Отбасындағы барлық істі ортақ ақылдасу;

9. Отбасында әр апта сайын мәдени шаралар өткізіп тұру, спортқа белсене араластыру, әр жексенбіде баланы кем дегенде жарты күн жаяу жүргізу;

10. Ата-аналарда кемшілік болса, бала оған сын айтса, оны дұрыс қабылдап, өзгерту, кешірім сұрау.

Балалардың алаңдайтын мәселелерінің ішінде «Ата-анасының өзара сүйіспеншілігі» ең маңызды орында тұрады дейді мамандар. Қытайлық белгілі бір психология орталығы үш мыңнан астам балаға зерттеу жүргізу барысында оқу жасындағы балалардың «Ата-анасының өзін ұрғанынан» емес, қайта «Ата-анасының өзара ұрсысып, төбелескенінен» қорқатыны дәлелденген.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: azattyq.org 

M. Auelkhan