Өзгеше қағида

Өзгеше қағида

1968 жылы АҚШ-тың Невада штатында Эдит атты үш жасар қыз анасының өзіне ұсынған сыйлығындағы «Open» деген сөздің бас әрпін танитындығын айтты. Анасы қайран қалып, бұл әріпті кім үйреткенін сұрағанда, сәби оны балалар бақшасынан үйренгенін айтады.

Анасы қызына мадақтау сөздерін айтып, қызы барып жүрген балалар бақшасының үстінен сотқа арыз жаза бастайды. Ол балалар бақшасы баламның ой жүгірту қабілетіне кедергі жасады, өйткені, қызым «О» әрпін танымаса, «О-ны» алма, күн, доп, жұмыртқа қатарлы домалақ нәрселерге ұқсатар еді, сондықтан балалар бақшасы бұл рухани зиянға жауапты деп, олардан 100 мың АҚШ долларын талап етті.

Арыз берілгеннен кейін бұл іс Невада штатында зор дүмпу қозғады. Балалар бақшасы баланың шешесі жынданған екен деді. Кейбіреулер бұл түймедей істі түйедей қылғандық деп қарады. Қорғаушының өзі бұл уақытты бекер зая кетіргендік деп оның арызына қосылмады. Бірақ ханым бұл істі бір жағына шығармай қоймаймын деп шешті.

Үш айдан кейін, штаттық сот мекемесінде сот ашылды. Ойламаған жерден, балалар бақшасы жауапкершілікті үстілеріне алды. Өйткені, сот үйірмесіндегі 23 мүше бұл ананың айтқан қағидаларына қосылды, ана былай деген болатын: «Мен ертеректе шығыстағы бір мемлекетке саяхатқа бардым. Ол жердегі бақшадан екі аққуды көрдім, оның бірінің қанаты кесілген екен, қанаты кесілген аққуды үлкен көлшікке бағады екен, ал қанаты сауын кішкентай көлшікке бағып жатыпты. Мен бұған қайран қалып, сол жердегі басқарушыдан оның себебін сұрадым, ол осылай істегенде ғана олардың қашып кетуінің алдын алуға болады деді. Мен түсіне алмай ішкерлей ұғысуды жөн көрдім. Жауапты кісі маған бір қанаты кесілген аққу тепе-теңдікті сақтай алмайды, ұшқан кезде дереу қайта құлап түседі, кішкене көлшіктегісінің қанаты бүтін болғанымен, ұшуға ыңғайланса болғаны, бұл әрекетіне жеткілікті су айдыны болмаған соң, амалсыз суда тыныш жүруге мәжбүр болады деді. Мен мұны естіп аң-таң болдым. Шығыстықтар айлакер-ақ екен! Бірақ, аққуға жаным ашыды, менің балалар бақшасының үстінен арыз беруімдегі себеп, балам сол бақшадағы аққуға ұқсап қалды. Олар Эдиттің бір қанатын, яғни, қиял қанатын кесіп тастады. Үйретушілер оны баяғыда әлгі кішкене көлшікке, тек ABC-лары бар көлшікке итеріп жіберді.

Оның бұл сөзі кейін Невада штатының «Халықты қорғау, тәрбиелеу» заңына өзгеріс енгізудің негізіне айналды. Қазір АҚШ-тың халықтың заңында: «Балалар бақшасындағы балалар екі түрлі құқыққа ие, яғни ойнау және не үшін деп сұрау құқығына ие» деп белгіленген. Бұл екі құқықтың белгіленуіне әлгі ананың арызы себеп болды деп айтудан аулақпыз, бірақ, америкалықтарға анық жері, бұл белгілеме олардың ғылым-техника жетістігі жағынан алдын бермеуге және Америкада жас миллионерлердің басқа мемлекеттерден көп болуына себепші болған.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: aikyn.kz

M. Auelkhan