Жақыныңызды өз көшірмесімен қуантыңыз!

Жақыныңызды өз көшірмесімен қуантыңыз!

Біз үнемі қандай да бір мереке немесе туған күн жақындаған сайын жақындарымыз бен сүйіктілерімізге не сыйлау керектігімен бас қатырамыз. Бұл бітпейтін мәселе екені де рас. Бәріміз де сыйлықтың ерекше әрі ұнамды болғанын қалаймыз.

Енді бұдан былай бұл мәселемен бас қатырмайтын боламыз. Өйткені енді біз «Kuyrshak.kz» арқылы тек ерекше ғана емес, есте мәңгі қалатын әдемі де сапалы естелік сыйлықтарды жасата аламыз. Кез келген адам осы ұйымға тапсырыс беру арқылы қуаныш иесінің мүсіншесін жасатып алуына зор мүмкіндігі болып тұр.

Оңтүстік астанамызда осы армандарды орындаумен айналысатын дүкен бар. Бұл үшін тек сыйлық сыйлағыңыз келетін адамның фотосуреті болса жеткілікті.

Мұндай мүсіншелерді үйлену той иелеріне де, туған күн иелеріне де сыйлауға болады. Жақыныңыздың, әріптесіңіздің, досыңыздың немесе сүйіктіңіздің көңілінен шығу үшін осы сыйлықтарға тапсырыс берсеңіз болады. Тіпті отбасы мүшелерінің фотосуреттерін жіберіп, отбасылық мүсіншелерді жасатсаңыз да өз еркіңіз. Ендігі жерде сіздің үйіңізде отбасыңыздың фотосуреттерімен қоса мүсіншелері де тұратын болады.

Осымен сыйлық сыйлау мәселесі де шешілді! Егер жаныңызға жақын адамдарды құттықтап, төбесін көкке жеткізгіңіз келсе, «kuyrshak.kz» компаниясына сол бақытты жанның фотосуретін жолдап, оның мүсінге айналған бейнесін жасатып сыйға тартыңыз.

Сыйлыққа мына сайт арқылы тапсырыс бере аласыздар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: kuyrshak.kz

А. Әбілхан