Талғамға талас жоқ

Талғамға талас жоқ

Нәзік жандылардың көңілін бір шоқ гүлмен жадыратып салуға болады. Ол арадағы сезімдерді нығайтып, бөлмеге ерекше сән береді. Ал сол гүлдерді салып қоятын вазаларды жасап шығару дизайнерлердің еншісінде. Бүгін ерекше дизайнмен жасалған вазаларды назарларыңызға ұсынамыз.


Makoto Komatsu есімді дизайнер гүлдерді қағаз іспеттес вазаларға салып қоюды ұсынады. Мұндай вазалар жарамды әрі кез келген гүл шоғына лайық.


Ал DCI магниттік вазаларына үлкен гүл шоқтары сыя қоймайды. Тұмсық бөлігі тым жіңішке жасалғанына қарамастан, түбіндегі магнит арқылы жақсы ұсталып тұрады. Ол үшін үстелдің үсті металл болуы қажет.


Әйел басының формысына ұқсас вазалар. Гүлдер ханшайымның шашына ұқсас келеді. Сол себепті бұл вазаның ішінде әрдайым гүлдер орналасуы тиіс.


Kwok Pan есімді дизайнер ұсынған конструкция төгіліп жатқан сүтке ұқсайды. Компания қызметкерлері бұл жердегі вазалардың еш жерде кездеспейтіндігін және әрқайсысы арнайы тапсырыспен жасалатындығын айтады.


Қаруы бар баукеспе. Мәселе қылмыскер жайында емес, қолында гүл шоғы бар сері жігіт туралы.


Cuatru Cuatros вазасына бір ғана гүл сыяды. Сол себепті мұндай вазасы бар адамға гүлді талғаммен сыйлау керек.


Risako Matsumoto туындысын қарапайым ваза емес, таразының өзі деп айтуға болады. Бір шетінде гүл шоқтары орналасса, екінші бөлігінде хош иісті майшам жайғасқан.


Біреу жақсы, үшеу одан да жақсы. Әсересе, үшеуі де бір жерде орналасқан болса. Осылайша гүлдерден құралған конструкцияны бір орыннан екінші орынға жылжытуға болады. Ал мұндай вазалар бөлшектеуге көнбейді.


Alessandro Bеda үйдің ішін китке ұқсас вазалармен жабдықтауға кеңес береді. Бірегей дизайнімен ерекшеленгенімен, ішіне үлкен гүл шоқтарын салуға келмейді.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Қ. Бүйенбай