Шағын аумаққа сыйып кететін үй (видео)

Шағын аумаққа сыйып кететін үй (видео)

Ванкувердің сәулетшілері соққан екі қабатты шағын үй өзінің аумағы мен көлемі жағынан жұртшылықты таңғалдыруда. Бар болғаны - 10х10 метр. 

Осынша шағын аумаққа қонақ бөлме, асхана, ванна (душ) және де жатын бөлме сыйып кеткен. Қолайлылық өз алдына, үйдің кез келген бөлігінде жақсы сезімге бөлене аласыз!

Сонымен қатар, үй иесіне күн энергиясы мен жаңбыр суын жинақтау жүйесі ұсынылады. Бұл өз кезегінде коммуналдық төлемақыны үнемдеп қалуға үлкен септігін тигізбек екен. Мәселен, ешбір электр көзінсіз түні бойы бөлмелерд күн сәулесінің көзімен жарықтандырылып тұрады. 

Сәулетші Ян Кент жақсы ойластырылған дизайнның көмегімен шағын аумақта да адамның өзін жақсы сезінеді дегенді алға тартады. Жобаның да мақсаты сол - шағын аумақты барынша кішірейта отырып, қолайлы, ықшам үй соғу. 

Өнертапқыштар үй бағасы сәні мен жасандыруына қарай 25-28 мың доллар аралағында сатылатынын айтады. Бір айта кетерлігі, үй жинастырылмалы күйде сатылатындықтан, әлемнің кез келген бұрышында тұрғыза аласыз.  


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: gorpom.ru

Л. Лига