Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Барлығының да шешімі бар

Барлығының да шешімі бар

Барлығының да шешімі бар

Өміріңізді жеңілдететін бірнеше кеңестер ұсынамыз. Көпшілік кеңестеріміз қыздар қауымына арналғанмен, оны ұлдар да пайдалана алады. Бір сөзбен айтқанда күнделікті тұрмыста пайдалануға болатын кеңестер:

1. «Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» дегендей тар аяқ киім алып қойсаңыз, еш уайымдамаңыз. Аяқ киімді кеңейтудің жолы бар. Ол үшін аяқ киіміңізді қалың шұлықпен киіп жүріңіз; Аяғыңызды қысатын бөліктерді фенмен кептіріңіз. Аяғыңыз кепкенше шұлығыңызды шешуге асықпаңыз. Керек нәтижені алғанша, осы әрекеттерді бірнеше рет қайталаңыз.

2. Сақинаңызды шешкен соң жасыл із қалатын болса, сақинаңыздың ішкі бөлігін түссіз лакпен бояп қойыңыз. Бұдан кейін дақтар қалмайды.


3. Жемпіріңіздің түтігін кеуектастың (пемза) көмегімен тазалай аласыз.


4. Сөмкеңізді жерге қоймай, арнайы ілгіштерге іліңіз.


5. Шашыңызға зақым келмесін десеңіз, босатыңқырап буыңыз. Шашыңызды төбеңізге буған сайын жұлынып, сынғыш бола бастайды. Мұнымен қатар, үнемі бір шаш үлгісімен жүрмеңіз.

6. Қызыл шараптан қалған дақты ақ шарап кетіреді. Уайымдамаңыз, бұл – рас. Көңілді кештерде жүріп абайсызда үстіңізге қызыл шарап төгіп алсаңыз, бірден ақ шарапты құйыңыз. Нәтижесінде жуу барысында дақ оңай кетеді.

7. Макияжға арналған құралдарыңызды магнитті тақтайшаның үстіне қойып қойыңыз.


8. Балағы кең шалбарларды етігіңіздің ішіне салып киюіңізге болады.


9. Дезодаранттан қалған дақтарды антистатиктың немесе колготки көмегімен кетіре аласыз.

10. Кілттеріңіз көп болып, әрдайым шатаса беретін болсаңыз, оларды түрлі-түсті лактармен бояңыз.


11. Ақ шарапты салқындату үшін мұз болып қатырылған жүзімдердің арасына салып қойсаңыз болады. Бұдан дәмі өзгерместен, сол қалпында салқындатылады.


12. Саяхатқа шықсаңыз, аяқ киіміңізді міндетті түрде дорбаға салыңыз.

13. Кішкене қысқыш пен шашқа тағатын темір бұйымдарыңызды магниттің үстінде сақтаңыз.

14. Киілген және киілмеген киімдеріңізді екі бағытқа қаратып іліп қойыңыз. Уақыт өте келе қай киімдерді жуу керек, қайсысын туысқандарыңызға сыйлау керектігін бірден білесіз.  


15. Шашқа арналған құралдарыңызды арнайы қорапта сақтаңыз.

16. Ал әшекей бұйымдарыңызды ас үйдегі қасық салғышқа салып қойсаңыз болады. Олар бірден табылады.


17. Етігіңіз мыжылып қалмасын десеңіз, аквааэробикаға арналған «макарониндарды» ішіне салып қойыңыз. Орнына газет, журналдарды пайдалансаңыз да болады.


18. Шұлықтың ішіне күріш салып қойсаңыз, аяқты  қыздырып, ауруды басады.

19. Мойынорағыш пен шұлықтарыңызды киім ілгішке іліңіз.


20. Аяқ киімнің жағымсыз иісінен арылу үшін ішіне ас содасын салыңыз.


23. Шарап тығындыларын тақташаға жабыстырып отырсаңыз, керемет картина шығады.

24. Киімнің тар жерлерін шаш үтігімен үтіктей аласыз.


25. Қыстық аяқ киімдерді де киім ілгішке іліп сақтаңыз.


26. Сүрмеңіз жақсы жағылу үшін қылшығын жылы суға салыңыз.

27. Шашыңызға жабысып қалған сағызды мұздың көмегімен шығара аласыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lady.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 09 қазан 2013, 13:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.