Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / «Осы үйде еркек жоқ па?» немесе пышақ қайрай білесіз бе?

«Осы үйде еркек жоқ па?» немесе пышақ қайрай білесіз бе?

«Осы үйде еркек жоқ па?» немесе пышақ қайрай білесіз бе?

Нағыз ер адам үшін бұл өнер әрқашан да маңызды болып саналып келген. Десек те, бұрынырақта пышақ қайрау адамның тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болса, бүгінде көп жігіттеріміз малды қасапшыға сойдырады, ал үй пышағы тек шұжық пен май кесуге арналған құрал ретінде ғана қалып қойды. Аңшы мен суық қару коллекционерлерінің сүйікті құралына айналған пышақты қалай қайрау керек екенінен хабардар етуге мәжбүрміз.

Қазбалай берсек, мұның түрлі ұлттардың түрлі әдіспен жүзеге асыратынын байқаймыз. Бірақ «ата көріп оқ жанған» әрқайсыңыз – қайрақ деп аталатын тасты білерсіз. Бірақ бұл дәстүрлі әдістің ерекше сабырды, сонымен қатар қуатты қол мен шеберлікті талап ететінін ескеруіміз керек. Сондықтан да, пышақты дұрыс қайрау тек тәжірибемен келетінін біліп алайық.

  Қайрақтардың табиғи тасы қолымызда көп бола бермейтініне байланысты, көбіне жасанды тасты пайдаланамыз. Алғашқылары ұсақ түйірлі болғандықтан жетілдіруді талап етеді, яғни өтпейтін пышақтың жүзін қайрауға келмейді. Ал жасанды тас ірі түйірлі болып келетіндіктен оларды қолдану тиімді болып отыр.

Қайрақ тасты таңдау

Дұрыс қайрақты таңдаған соң оны майлау керек немесе сулау керек те 15-20 минутқа қою дұрыс болмақ. Бұл әдістің пайдасы сонда – қайрақ тастың өте майда тесіктеріне темір ұнтағы кіріп, оны доғалдандырып тастамауы. Егер дәл осы ережені ұстанар болсаңыз қайрағыңыз көпке дейін қызмет көрсетпек.  

Қайрау

Егер қайрақ екі жақты болса (яғни, екі жағында да қайрауға арналған бет болса), онда бірінші кезекті ірі жүзді жағын пайдаланамыз. Пышақ жүзін дұрыс қайрауда көбінде қайрақ бетіне жатқызылған бұрышы маңызды болмақ. Мәселен, дұрыс қайрау бұрышы бұл – 20 градус болып саналады. Бірақ қариялар мұнда пышақтың жүзі мен түріне, не мақсатта қолданылатынына байланысты болады, сондықтан да әр жағдайда әрқандай әдісі қолданылуы керек дейді.   

  Мәселен, аңшылар қолданатын пышақ түрін 30-35 градус бұрышта қайрайды, егер пышақ жүзінің жиегін ғана қайрау керек болса, 40-45 градус бұрышта егеген дұрыс.

Қарапайым пышақ – 25-40 градус бұрышта қайралса, кәсіби аспаздар мен әншейінгі ас үйіндегі пышақ 25-30 градус аралығында болуы тиіс. Ал жапон пышақтары тіпті 10-20 градус аралығында қайралады, бұдан шығатын қорытынды – пышақ жүзі қаншалықты аз бұрышта қайралса – оның жүзі соншалықты өткір бола түседі. Ал егер пышақты сатып ала бергіңіз келмесе үлкен градус аралықтарында қайрағаныңыз жөн.

Бастысы – пышақты қайрау кезінде қимылыңыз бірқалыпты болсын, және сабын сәл көтере жасау керек. Сапты бірқалыпты ұстау – пышақ жүзінің қисаймауына сеп болады. Қайрақ тастың жүзіне әрлі-берлі қимылыңыз перпендикуляр бағытта болуы тиіс екенін де ұмытпаңыз.

Қайраққа пышақ жүзін қатты басудың қажеті жоқ, бірақ бұл пышақпен қайрақты сылап-сипау деген сөз емес – осы тұста теңдікті тауып алғаныңыз жөн. Пышақ жүзін қайрау барысында оның бір жағы қайралып болғанын қайралмаған тұсының жүзіне келіп теңескен сәтінде білуге болады. Осыдан кейін жүздің екінші бетіне өтуге болады.

Жетілдіру

Қайрақтың ірі тұсына қайралған пышақты ендігі кезекте майда тісті жағына ауыстыруға болады. Жүзін өткір ету үшін сізге қарапайым қайыс немесе содан жасалған белдік керек болады. Сосын ажарлағыш немесе жылтыратқыш пастаны қайыс теріге жағу қажет. Қайысқа қайрау да кәдуілгі қайрақта қайрағанмен бірдей.  

Қайрақ орнына не жарайды?

 

Қайрақ тастың орнына керамикалық ыдыс: табақ немесе шыныаяқ жарайды. Оны төңкеріп, ірі немесе майда жүзі бар екеніне көз жеткізіңіз.

Қазіргі техника жетілдірілген заманда жаңа асхана құралдары қатарында – мусат та бар.

Мусат – сабы бар, ұзына бойы бораздалған темір шыбық. Бұл құрал қайрауға емес, сол пышақтың жүзі қылпылдап тұруына сеп болады. Пышақтың темірі тез желініп кетпеуі үшін осындай аксессуарлар керек-ақ.

Ал егер дала жағдайында пышақ қайрау керек болса табиғи қайрақ тастар тауып алуыңыз қажет болады. Бұл қайраудың ең бір қиын әдісі болып саналады. Сол үшін де білгіш аңшылар көбіне өздерімен бірге кішігірім қайрақ алып жүреді, не болмаса пышақты қынапта сақтайды.

Жүзін байқастайық...

Пышақтың жүзін бірнеше жолмен байқауға болады. Ең бірінші әрі қауіпсіз тексеру – онымен қандай да бір затты кесіп көру болып саналса, бірінші кезекте бір парақ қағазды алып оны кесіп көруге тырысып көріңіз. Тағы бірі – пышақпен жұмсақ жемісті (көкөніс) кесіп көру – қызанақ. Есіңізде болса, жұмсақ көкөністі өтпейтін пышақпен кесу қиынға соғады.

Ал жапондық әдіс өзгеше екен: газеттерді бөлкелеп орайды да, оның екі жақ бөлігін скотчпен бітейді.

 

Бұдан кейін оны үстелге қойып, пышақпен соққы жасап көру керек. Егер жүзі өткір болса, онда оралған қағаз дәл бамбукке ұқсап, бөлініп түседі.

Бұдан басқа әдісті айтсақ, пышақ жүзінің өткірлігін қолмен ұстап байқап көру арқылы да білуге болады. Бұл қауіпті әдіс арқылы жүздің дұрыс қайралғанын көпті көрген қариялар біледі. Дұрыс қайралмаған жүзді қырағы көз білгір де бақай алады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

4431 7
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 02 қазан 2013, 16:30
Пікірлер
+0
02 қазан 2013, 15:03

Тақырып мықты)) Күшті материал!

+0
02 қазан 2013, 15:55

Нағыз керек тақырып, кей жігіттер пышақ қайрауды да білмейді :P

+0
02 қазан 2013, 16:12

Өте дұрыс кеңестер, әр үйде көтерілетін мәселе)еркек жайлы да, пышақ жайлы да))) :lol:

+0
02 қазан 2013, 16:21

Осы сұрақты енді қояйын деп жүр едім :D

+0
02 қазан 2013, 16:36

Тамаша жазба. Еңбеңгін жансын.

+0
03 қазан 2013, 22:18

Тақырыбына қарап, материалды оқымай кету мүмкін емес) Керемет материал екен!

+0
05 қазан 2013, 15:13

Қазақстанда ҚАзақтардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдық жерлерде "пысық еркек" деген түсінік былай қалыптасқан . Ол пышақты жақсы қайрайды, шөпті өзі орады, мал сояды, жіліктейді, балық аулайды, егін егіп оны сатады, үйдегі шаруалардың барлығын өзі істей береді, міне осындай адамдар пысық адам болып есептеледі. Ал ауылда тұрып алып кітап оқи беретін, кітапханаға жиі баратын, қалаға қарай көп барып кітап тасып жүретін немесе басқада білімге байланысты бір іспен шұғылданса ол адамды "қияли адам ғой" дейді. Қазіргі заманда қандай адамдар ұтып жатыр, білімді адамдарма әлде шаруа адамдарма ол белгілі. Жаппай қайрақшы , жаппай қасапшы болу шарт емес деп ойлаймын. Бірі қасапшы болса бірі ғалым, бірі музыкант, бірі суретші, бірі механик т,б солай кете береді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...