Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Қыздарға керек кеңестер

Қыздарға керек кеңестер

Қыздарға керек кеңестер

Қыздарға кез келген жағдайдан алып шығатын, екінші сөзбен айтқанда, өмір сүруді жеңілдете түсетін кеңестер тізбегін ұсынамыз. 

Жеке куәліктен бастап, барлық құнды құжаттарыңды сканерден өткізіп, электронды нұсқасын бөлек папкада не флешкада сақтап қой. 

Флешкаңа "Осы флешканың иесі туралы ақпарат" деп бір папка аш та, сол папкаға өз аты-жөніңді, телефон нөміріңді, поштаңды жазып қой. Флешкаңды жоғалтып алған жағдайда, дені дұрыс адам болса, осы арқылы саған хабарласып, құнды затыңды қайтарып бере алады.

Кенеттен әйнек жарылып, жерге шашылып қалса, оны аяққа кіріп кетпеуі үшін пластилин не скочтың ішкі жағымен оңай жинап алуға болады.

Шалбар не колготкінің түсімен бірдей аяқ киім сырт көзге аяқты ұзартып көрсетеді.

Қолданылған шай пакеті жағымсыз иістерді жұтып алады. Сондықтан оны кептіріп, тоңазытқышқа салып қой.

Шашқа сусабынды жаққан бойда, бірден жуып тастама. Сусабынды жағып болған соң, біраз күте тұр. Бұл жақсы нәтиже береді.

Шоколад таңдағанда, мына нәрсеге назар сал: Шоколад құрамында міндетті түрде какао-май болуы керек. Ал ол болмаса, шоколадтың сапасы нашар деген сөз.

Бір шаруаны тындырып тастау керек болғанда, ерініп қалсаң, бөлменің қақ ортасына бар да, 10 минуттай жай ғана тұра тұр. Жұмыс істеуге құлшына кірісесің. 

Көз жасыңды жігітіңнің алдында көрсете беру жігітіңнің ашуына тиеді. Еш себепсіз жылай берме. "Қаруды" тек оңтайлы кезде пайдалан. 

Орынсыз жерде күлкі қысса, күлмеу үшін өз қолыңды түртіп қал немесе ерніңді тістеле. 

Ыстық су өшіп қалғанда, ыдысты қолға резеңке қолғап киіп жууға болады. 

Тақырып бойынша:

Жұмысты жеңілдетуге 55 кеңес

Күнделікті тұрмысқа арналған қарапайым кеңестер

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: trickss.ru 

25399 9
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 30 қыркүйек 2013, 22:09
Пікірлер
+0
01 қазан 2013, 00:39

сонгысыыы тусиниксиз екенъ

+0
01 қазан 2013, 10:19

Ыстық су өшіп қалғанда, ыдысты суық сумен жууға тура келеді ғой. Ал суық су қолды тоңдырмас үшін резеңке қолғап киіп алып жуса, қол тоңбайды.

+0
01 қазан 2013, 11:14

қол тоңбау үшін әрі салқын судан ыдыстың майы да кетіп болмай, қолыңды әбден былғайды, содан сақтану үшін де керек.

+0
01 қазан 2013, 10:12

Қарапайым бірақ өте қажетті кеңестер)

+0
01 қазан 2013, 11:15

Шынымен өте қажет екен.

+0
01 қазан 2013, 11:26

Кеңестеріңізге рахмет!

+0
01 қазан 2013, 11:43

Қолданылған шай пакеті жағымсыз иістерді жұтып алады. Сондықтан оны кептіріп, тоңазытқышқа салып қой. Мынаны біліп жүретін екен

+0
01 қазан 2013, 13:28

ал аяқты қалайша қысқа етіп көрсетіге болады :lol: :lol:

+0
05 қазан 2013, 00:10

Өте күшті кеңестер екен..!!!"Рахмет!!!! ;) :D :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...