Күрек те күрделене түсті (видео)

Күрек те күрделене түсті (видео)

Стивен Уолден күрек секілді қарапайым технологиялық құралды жетілдіріп отыр. Калифорниялық кәсіпкердің эргономикалық күрегі 79 доллардан сатылуда. 

Ертеректе шыққан (дамытылған) күректерді ұзартып, не болмаса қысқартып қана өзгерте алушы едік. Жаңалық емес-ті. 

Уолденның модификациялық нұсқасы арнайы күшейтілген шыны талшық шығыршығымен өзгешеленеді (күректің ұстар тұсы 360 градусқа дейінгі аралықта айнала алады). Қолданушы сол арқылы күректің бағыт бұрышын өзгерте алмақ.

Стивен Уолден аталған күрек түрлерінің жер аударуға қолайлы екенін және қол мен арқадағы ауырлықты болдырмайтынына сенімді. Сонымен бірге, күрекке аяқ салар тұстың да өзіндік артықшылығы айтылмай қалмайды. Бұрынғыдай аяқ тайып, аянып қалмасыңыз анық.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: newsland.com

Л. Лига