94 балалы әке

94 балалы әке

Үндістан азаматы Зион Чан – әлемдегі ең бақытты жар, әке әрі отағасы. Оның 94 баласын өмірге әкелген алтын құрсақты 39 әйелі бар. Балалары әкелеріне 33 немере сыйлап үлгерген. Ал сіз бұл материалымызды оқып отырған кезіңізде, оның ұрпағы одан әрмен көбейе түсуде.

100 бөлмеден тұратын Зион Чанның үйінде аналары мен балаларын, келіндері мен күйеубалаларын қосқанда, 181 адам тұрады. Мұнымен қатар, үйдің ауласында шағын мектеп, ойын алаңы, құс фермасы, бірнеше шаршы метрді алып жатқан бақтар бар. Отбасындағы ер адамдардың көбісі ағаш шебері болып қызмет атқарады. Олардың табысы мен бау-бақша өнімдерін сатудан түскен ақша үлкен жанұяны асырауға жетеді.

Мұндай үлкен отбасын басқару оңай ма? Чанның үйінде қатаң әскери тәртіп орнаған. Үй шаруасын 70 жыл бірге отасқан бәйбішесі басқарады. Ол жұмыстар мен үйдегі кезекшіліктің тізімін жазып, оның уақытылы жүзеге асуын қадағалап отырады. Балалары мен басқа әйелдері оны құрметпен тыңдайды. Ал үйдің шаруасы бастан асады: 4 қабат үй, 100 бөлме, бір күндік кешкі асқа сойылған 30 тауық т.б.

Зионның айтуынша, ол барлық жарына көңіл бөліп үлгереді. Бұл үйде бір адамға бір бөлме – бақыт, өйткені аналары мен балалары барлығы бір бөлмеде ұйықтайды.

Чанның әйелдері полигамды отбасында өмір сүріп жатқандығы үшін наразылық білдірмейді. «Ол үлкен отбасымыздың отағасы болғандықтан, үнемі оның жанынан табылуға тырысамыз. Және ол ауылымыздың ең сымбаты мырзасы!» - дейді әйелдерінің бірі. Ал өзгелері мұндағы қарым-қатынастың махаббат пен құрметтен құралғандығын айтады. Зион өз кезегінде 1 жылда 10 әйелге үйленіп, рекорд орнатты. Тіпті әлі бірнеше мәрте үйленетін ойы бар.

Жағдайы төмен немесе аз балалы отбасынан шыққан адамдар үшін өте қолайлы жер.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: byaki.net 

Қ. Бүйенбай