Жұмсақ шам

Жұмсақ шам

Ендігі таңда шамды (лампа) қалаған жерге орналастыра аласыз. Суретші Симон Фрамбах шамды (практикалық тұрғыда) кез келген жерге шоғырландырудың оңтайлы шешімін тауып отыр. 

Симон жұмсақ полиуретанды көпіршіктен (оған кез келген формаға ауысуына және қалаған тұсқа орналастыруға мүмкіндік береді) «Soft Light» шамшырағын жасап шығарды. 

Өкінішке орай, шамшырақ сатылымға көзделмеген. Өйткені, Фрамбах оның бір ғана нұсқасын жасапты. Өнер туындысының бірі ретінде қарастырса керек немесе алпауыт компаниялардың тасасында қалмауды ойлаған болар...

Соған қарамастан, шамшырақтың жеке құр өзін алғыңыз келмей қалмаған болар, егер сіз өз шамыңызды бір уақытта көпшік ретінде, жарық көзі ретінде түнгі оқуға бағыттай алатын болсаңыз.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:rathboneenergy.com 

Л. Лига