Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Қалың қалай, қалыңдық?

Қалың қалай, қалыңдық?

Қалың қалай, қалыңдық?

Тамыз айы – үйлену тойларының маусымы. Әрбір минут, әрбір сағат сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінде көптеген жанұялар өмірлерін бір арнаға тоғыстырып, туған-туыс, дос-жаранды жинап, үйлену тойларын жасап жатыр.

"Тойдың болғанынан боладысы қызық" демей ме? Біздің кеңестеріміз де дәл осы "тойдың боладысына" арналады. Қалыңдықтарымыз күнделіктеріне түртіп алса бір пайдасына жарап қалар деген ниеттеміз.

1. Нашар ауа-райынан қорықпаңыз, жәй ғана өзіңізбен бірге қолшатырды ала шығыңыз. Жұртшылық той күнгі жауынды жақсылыққа жорып жатады. Есесіне, суреттерде күн көзіне әбіржіп жүрмейсіз. Кез келген фотографтан сұрасаңыз, маңыздысы – ауа-райы емес, көңіл-күй екендігін растайды.

2. Той көйлегі сымбатыңызға сай келуі керек. Тойға санаулы күндер қалғанда тағы да бір рет өлшеп қойыңыз. Көптеген қалыңдық той алдындағы қарбаласта бірнеше келі салмақ тастап жатады. Қолпылдап тұрған көйлек әдемі көрінсін бе?

3. Сізді бояндыратын адамның рөлі өте маңызды, себебі қалыңдықтың көңіл-күйі бет-әлпеті арқылы аян болады. Көңіл-күй қалыпты болсын десеңіз, күні бойы шаш үлгісі мен макияждың бұзылмауын қадағалау керек.

4. Жолдас қыз үшін жауапкершілігі бар қызды таңдаңыз. Ол сізге демеу болып, ұйымдастыру сұрақтарын өз мойнына ала білсін.

5. Тым ұзын әрі шатасқан көйлектен бас тартыңыз. Сізді алып кетуге келген күйеу жігіттің көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін.

6. Той алдындағы серуенде (гулянка) көп жерлерге баруды көздесеңіз лимузинге тапсырыс берудің қажеті жоқ. Қала ішінде тым баяу жүретіндігі үшін мазаңыз қашады. Онан да, кабриолет сынды классикалық көліктерді таңдаған жөн.

6. Сіздермен бірге той алдындағы серуенге шыққан достарыңыз үшін дәмді әрі сапалы тағамдар мен сусындарды ала шығыңыз. Сіздер суретке түсумен айналысқанда олардың зерігіп, назарсыз қалмасы үшін аниматорға тапсырыс беріңіз немесе қалаға шағын саяхат жасатыңыз.

7. Заңды некеге тұру рәсімінен кейін құжаттарыңыз қараусыз қалып, жыртылып қалады десеңіз арнайы мұқаба ала шығыңыз.

8. Күйеу жігіттің бутоньері (киімнің жағасына немесе түйменің ілгегіне тағылған гүл немесе шоқ гүл) кешке дейін жарамсыз болып қалады. Ыстық күндері қалыңдықтың немесе құттықтауға келген қонақтардың құшағының әсерінен солып немесе сынып қалуы ғажап емес. Сондықтан бутоньердің екеу болғаны абзал.

9. Оқыс жағдайлар үшін өзіңізбен бірге биік өкшесіз (балетка) аяқ-киім мен жапсырма қағаз (лейкопластырь) ала шығыңыз. Туфлиіңіз қажаған немесе өзіңіз шаршаған жағдайда тығырықтан тез шығып кете аласыз.

10. Етегі былғанған көйлек үшін қам жемеңіз. Көйлек қысқа болмаса, ұзын көйлектердің барлығы аппақ күйінде сақталмайды. Бар болғаны өзіңізбен бірге сулықтарды, ине мен жіпті, түйреуішті ала жүріңіз. Бұл құралдар сіздің сәніңізді қалпына келтіреді.

11. Алғашқы би барысында байқаусызда сүрініп қалсаңыз, көңіл-күйді түсіріп, биді тоқтата салудың еш қажеттілігі жоқ. Бәрі дұрыс секілді кейіп танытыңыз да, биді жалғастыра түсіңіз. Сеніңіз: қонақтар ештеңе де байқамай қалады.

12. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Тойда қанша қонақ болса, сонша пікір бар. Сіз олардың бірін де өзгерте алмайсыз. Нашар ойлармен алысқанша өзіңізге жағуға тырысып бағыңыз. Бұл – сіздің күніңіз.

13. Барлық тілектеріңізді іске асырып үлгеріңіз, тойдан кейін бәрі кеш болады.

14. Суреттер мен видео үшін ақша аянып қалмаңыз. Бұлар – тойдан кейін қалатын жалғыз "айғақ". Сіз оларды кейін балаларыңызға, немерелеріңізге көрсететін боласыз.

15. Асаба – сіздің тойыңыздың жүрегі. Сондықтан, оның барлық ерекшеліктеріне назар аудару керек: бағдарламасы, түр әлпеті, сымбаты, қалай сөйлейді, даусы қандай т.б. Қонақтардың да ең алдымен сынға алатаны асаба екенін біле жүріңіз.

Бақыттарыңыз баянды болсын, жас-жұбайлар! Махаббат өзенінде қол ұстасып жүзе беріңіздер!

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 тамыз 2013, 18:20
Пікірлер
+0
21 тамыз 2013, 17:28

Бар болғаны өзіңізбен бірге сулықтарды, ине мен жіпті, түйреуішті ала жүріңіз :!: Осыны ұмытпаңдар, қыздар! :)

+0
22 тамыз 2013, 09:51

Олар не үшін керек болады?

+0
22 тамыз 2013, 16:14

көйлекте түрлі әшекейлер көп, үзіліп қалса түйреуіш таппай әуре боласың.

+0
22 тамыз 2013, 10:28

Рахмет, Айгер! Бәрін жасауға тырысам. Әдейі уақыт жақындасын деп той көйлегін әлі таңдамай жүрмін. Тойымыздың "боладысы" да, болғаны да қызық болса екен ;)

+0
22 тамыз 2013, 11:01

Кешіріңіз, біраз уақыт бұрын сіздің ақ орамал жабылған әдемі суреттеріңізді көрген едім. Үйлену тойы енді болғалы жатыр ма?

+0
22 тамыз 2013, 11:03

Ия, Қызылорданың жанып тұрған ауа-райына байланысты той күзге қалған еді ;)

+0
22 тамыз 2013, 11:05

аа... сонда қызды қашан ұзатып әкелгеніне қарамастан тойды кейінге белгілей беруге бола ма? бізде қызды үйлену тойынан 1 күн бұрын, ең көп дегенде 3 күн бұрын ұзатып әкеледі.

+0
22 тамыз 2013, 11:07

Ия, бізде болады ондай. Кейбіреулер балалы болғаннан кейін де жасай береді.

+0
22 тамыз 2013, 11:27

мәәссаған, қызық екен)) бізде жігіт жақ тойға дайын болмайынша, ештеңе жасалмайды. тек сырға салып қоюға ғана рұқсат бар. одан әрі сценарий бойынша кете береді: ұзату, келемі күні үйлену, көп кешіктірмей құдалық, тәтті шәй, т.б.

+0
25 тамыз 2013, 12:11

"Әр елдің заңы басқа" деген осы ғой Нұршат..Бұрын бізде,Қызылордада мұндай болмаушы еді.Келін босаға аттаған сон ен ұзақ дегенде 3 күннің ішінде жасалушы еді үйлену тойы. Шымкенттіктерден көргенмін келін түскен сон араға ай,тіпті жыл салып той жасағанды.Таң қалғаным бар еді сонда. "Сынықтан басқаның бәрі жұғады"деп бізгеде соның кері келіп қапты ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.