Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бас бармақты тый, балақай!

Бас бармақты тый, балақай!

Бас бармақты тый, балақай!

Кішкентай балалардың барлығында біз білетін ортақ бір әдет бар. Ол – бас бармақты сору. Осы бір нашар әдетті өзіңіз де қайталадыңыз, балаларыңыз да арыла алмай келеді. Сонымен қатар, қазақта осындайда айтылатын "ауру қалса да әдет қалмайды" деген аталы сөз бар. Ендеше, жағымсыз әдеттен дер кезінде құтылғыңыз келсе психолог мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз.

Балалар психологтары баланың не үшін саусағын соратындығын былай түсіндіреді: "Бала үшін бұл үрдіс өте жағымды және тыныштандырады. Сәби бұл әдетті ана құрсағында жатқанда-ақ тәжірибеден өткізіп көреді де, туғаннан кейін де арыла алмайды.

Олар шаршағанда, қиналғанда, қорыққанда және зеріккенде бас бармақты аузына қарай апарады. Және осындай әдісті түнге қарай, ұйықтар алдында, түн ортасында оянғанда қолдана береді.

Қорқудың еш қажеті жоқ. Бала нағыз тістері шыққанша саусақты тістеп тастай алмайды. Бұл жөнінен алты жасқа дейін қауіп жоқ.

Бала 4 жасқа дейін осы әдетінен арылмаса нағыз алаңдайтын кез туды дей беріңіз. Бала бұл жасында ондай әдеттен өздігінен арыла алатындай жағдайға жетеді. Сіз күткен қуанышты оқиға орын алмаса арнайы шаралар жасауға кірісіңіз:

– қылығы үшін сәбиге ұрыспаңыз және жазаламаңыз. Мұндай жағдайда олар қолын аузына одан да қатты тықпалай беретінді шығарады.

– баланың назарын басқа жаққа аударыңыз, оған көңіл бөліңіз. Әдетте ана мен әкенің құшағы бәрінен де жақсы әсер беріп жатады.

– бөбектің қандай жағдайда жиі саусағын аузына апаратындығын байқап көріңіз. Бәлкім, қажеттілігін өтеу арқылы әдетін жоярсыз (мәселен, бала уақытылы тамақтанбағанда бас бармақты соруы мүмкін).

– егер, бала керісінше, зеріккен кезде бармақ соратын болса, бірден жаңа ойындар, жаңа әдістер тауып, назарын басқа жаққа аудару керек.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: imdayak.am, mail.ru
7485 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 тамыз 2013, 16:23
Пікірлер
+0
20 тамыз 2013, 17:01

Менің үйдегі кішкентай қайным 4-ке келіп қалды, әлі бас бармағын соруды доғармай жатыр. Мамасы қанша қойғызбақ болса да дым шығар емес. Расында қолы босап тынышталып қалғанда, ұййқтар кезінде әбден сорады саусағын. Оның назарын басқа жаққа аударам деп шаршайсың. Қайта саусағын сорып отырса, үндемей қалады. Сонда миымыз да демалып қалады. ;)

+0
20 тамыз 2013, 17:27

мен кейде ойланып отырып әлі тістеймін бас бармағымды :roll:

+0
20 тамыз 2013, 17:27

Үлкен кісілерді де көргем саусақ соратын :P

+0
20 тамыз 2013, 18:23

Психологиялық тұрғыдан қиналған немесе зеріккен кезде анасының аялы алақанын аңсап, осылай жасайды деп естігем

+0
20 тамыз 2013, 20:54

менің туыс сіңлім түнде сорып жатады)

+0
21 тамыз 2013, 11:11

Екі жасар інім аузыңа саусағыңды салма десең, бес саусағын бірдей салып алады )) Сондықтан жазбада дұрыс айтылған, "салма" дегенді айтпау керек-ау деймін. :roll:

+0
21 тамыз 2013, 11:13

Дер кезінде арылмасаң бұл әдет ауруға айналады. Саусақ сорып, тырнақ тістейтіндерді көрсем, жыным келеді :lol:

+0
21 тамыз 2013, 11:21

Көңілін аударудан басқа амал жоқ, әйтпесе қолына ашты бұрыш жағып қой десең ә :lol:

+0
21 тамыз 2013, 11:49

мен де бір талай жасқа дейін сорып жүруші едім)

+0
21 тамыз 2013, 18:17

мен компютердің алдында тістим

+0
21 тамыз 2013, 18:41

"Баланың саусақ соруы, ана сүтінің жетіспеуінен" дегенді оқып едім бір жерден.

+0
31 тамыз 2013, 02:13

:P Менде де болған... уақыт болмағаннан қойып кеттік қой өткен жылы... Шынымен көп ойланғанда саусағымды аузымның айналасынан тауып алушы ем..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...