"Үй иесі үйде" иллюзиясы

"Үй иесі үйде" иллюзиясы

Статистикаға сенер болсақ, көпшілік үйлерде ұрлық-қарлық үй иелері жоқта орын алады екен. Fake TV сәуледиодты қондырғысы ендігі таңда ұрлық-қарлықтың алдын алып, сырттан қараған адамға теледидар көріп отырғандай әсерді сыйламақ.

Қызықты әрі қарақшылардың көзін алдауға қолайлы қарапайым техникалық өнертабысты колифорниялық Блейн К. Ридлер ойлап тапқан. Сәуледиодтардың ауысымы мен үнемі жарық ойнату арқасында теледидар қосылып тұрғандай алдамшы әсер берілмек.

Мұндай қондырғыны сатып алудың қаншалықты қажеті бар деп айтарсыз? (үйден шығарда теледидарды қоса салуға болады ғой деген бір ойды астарлай тұрып) Жауап қарапайым: сәуледиодты агрегатқа электроэнергия аз жұмсалады. Оның үстіне, бұл өнімнің бағасы 30 доллардан асар-аспас қана.  

Бір кем дүние дей отырып, қарақшылар техинаканың соңғы жаңалықтарын оқи қоймас деген ойдамыз...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: immobilise.com

Л. Лига