Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ескілерден құтылыңыз

Ескілерден құтылыңыз

Ескілерден құтылыңыз

Үйді таза әрі жанға жайлы етудің бірден-бір жолы ескі әрі қажет емес, қирап қалған заттардан құтылу болып табылады. Солай бола тұрғанымен оларды тастауға қимай қалатынымыз бар. Мұнда біздің кеңестерімізді бір оқып шыққаныңыз жөн.

1. Қажет емес заттарды үйде ұстау арқылы кедейшіліктің бағдарламасын құрып аласыз. Иә, солай, ескі заттарға деген құштарлық кедейлік психологиясының белгісі. Ескі заттар жаңа затты алуға деген мақсат құруға кедергі болады, кереғар энергияларды жинайды. "Мұны тастай салсам, жаңасын сатып алуған ақшам болмай жатса не істеймін?" сынды күдікті ойлардың жетегінде жүріп ешқашан қажетті заттарды сатып алатын ақша таба алмайсыз. Керісінше, "Міндетті түрде басқасын сатып аламын, сол үшін еңбек етемін" деу арқылы байлыққа, берекеге есік ашасыз.

2. Қытай халқында "Ескі кетпей, жаңа келмейді" деген нақыл сөз бар. Өзіне орын босатпайынша ешбір жаңа, ешбір құнды нәрсе сіздің өміріңізге келмейді. Үйді қажетсіз заттардан босатып алу арқылы артық энергиялардан арылып, ішкі дүниеңізге де өзгерістер енгізе аласыз.

3. Сынған, қираған, бүлінген заттар адам денсаулығы мен көңіл-күйіне теріс әсерін береді, негативті энергияларды бойыңызға жинайды. Ешқашан да әйнектерді, айналарды сынық күйде қалдырмаңыз, оларды скотчпен, лейкопластырьмен жабыстырып қоюшы болмаңыз. Терезе әйнегін ауыстырудың, жаңа айна сатып алудың жолын қарастырыңыз! Бұл өте маңызды. Әйнек – үйдің көзі. бұл ескерту есіктерге, тұтқаға, құлыптарға да қатысты. 

4. Тағы бір дәйектеме: ескі-құсқы киімдерді кигенде, біршама уақыттан бері қолданбай қалған әтірлерді сепкенде, ескі үнтаспалардан әуендер тыңдағанда амалсыздан өткенге еніп кетеміз. Олардың бәрімен де белгілі бір естеліктер, оқиғалар байланысты болады. Осы арқылы жағымсыз эмоциялар жұқтырып қоймай ескі ойларды оятып аламыз.

Әрине, құтылу деген осы екен деп сүйікті әжеңізден қалған сандық сынды құнды жиһаздарды қоқысқа тастауға болмайды. Бұл жерде бір ғана қағида бар. Сіз осы затқа қарағанда қандай күйде боласыз, нендей оқиғалар еске түседі? Жағымсыз болса, көзден таса қылғаныңыз абзал. Тағы бір айтатынымыз, ескі дүниелер бір орында тұратын болғандықтан шаң-тозаңды көп жинайтын болып келеді.

Ал сіздің үйіңізде ескі дүниелер бар ма?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: voxpopuli.kz

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 тамыз 2013, 16:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.