Қазан мен табаларды тазалау

Қазан мен табаларды тазалау

Үй шаруасындағы жас келіншектердің ас үйдегі қиындықтарының бірі – қазан мен табаларға сіңіп кеткен май дақтары. Сондай дақтарды қалай кетіруге болады?                                            

Әдетте тіпті жаңа қазан тез кірленіп, қарайып, онда мүлдем кетпейтін майлы дақтар қалып қалады. Қарайған май дақтарын қазан мен табалардан кетірудің бірнеше жолы бар.                            

Бірінші және ең қарапайым жол қазан не табаны механикалық тазалау, яғни қырып тазалау. Ол үшін арнайы металл қырғышты алған жөн. Тапсырманы жеңілдету үшін, алдын ала қазанды арнайы ыдыс жуатын сұйықтықпен жуып алған дұрыс. Артынан қырғышпен қазанды күш салып қырыңыз. Әрине бұл жол қиын, көп уақыт және күш алады.                 

Екінші тәсіл жұмысты барынша жеңілдетуге бағытталған. Киімдерді ағартуға, ванна, унитаз, раковина жууға қолданылатын ағартқыштың көмегіне жүгінуге болады. Эмальданған ыдысқа 200 мл ағартқышты суда ерітеміз. Ерітіндіні отқа қойып, қайнатамыз. Қайнаған ерітіндіге тазалауыңыз керек табаны саламыз. Оны осылайша бір сағатқа қалдырамыз. Қазан тазаланады, ал қалған дақтарды щетка көмегімен кетіре аласыз.                          

Үшінші әдіс те арнайы ерітіндіде қазанды қайнатуға негізделген. Ол үшін кішкентай сабын кесегін үккіштен өткізіп, қарапайым желім (50 грамм) және ас содасын (100 грамм) қосыңыз. Қоспаны суға қосып, қайнатып, табаны ерітіндіде қайнатыңыз.                                  

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: galant76.ru 

С. А